Астанада қалдықтарды жинау мен шығарудың жаңа тарифі бекітілді

Астананың мәслихат депутаттары елордада қоқыс жинау және шығару тарифін бекітті. Сонымен қатар, әлеуметтік жағынан осал санаттарға жеңілдіктер сақталады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Даулет Досқұлов мәслихат отырысында елордада соңғы бес жылда тариф өзгермегенін атап өтті.

«Қазіргі тариф – адам басына айына 390 теңге. 2019 жылдан бері бұл баға өзгерген жоқ. Ал Алматыда тариф қазір 718 теңге болып тұр. Еліміздегі халқы шамамен 300 мың адам болатын 6 қалада тариф 400-500 теңгеге дейін өскен. Тиісті шаралар қабылданбаса, жағдай ушығады. 2024 жылдың жазында елордада қатты тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығармау салдарынан әлеуметтік шиеленіс болды. Бұған халық санының өсуі, қоқыс көлемінің артуы және қызмет көрсетуге кететін шығындардың ұлғаюы себеп болды. Осындай мәселелерді болдырмау үшін 2023 жылы қала аудандары бойынша үш қоқыс шығару компаниясы белгіленді: Алматы — Сарайшық ауданында – Zero Waste, Есіл — Нұра ауданында – «Тазажыр-Капитал», – деді Доскұлов.

Басқарма басшысы тарифтің кіріс (резиденттердің көрсеткен қызметтері үшін төлейтін төлемдері), кәсіпорындардың кірістілігі мен шығыстары негізінде қалыптасатынын түсіндірді.

«Бұған дейін берілген ескертулер мен ұсыныстардың барлығын ескере отырып, тарифті: жақсартылған сектордың бір тұрғынына 637 теңге және абаттандырылмаған сектордың бір тұрғынына 679 теңге мөлшерінде бекіту ұсынылады.

Тек елордада қолданыстағы тарифтер шеңберінде азаматтардың санатына байланысты 25-тен 100 пайызға дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жаңа редакцияда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар мен көп балалы отбасыларды жеңілдіктермен қамту ұсынылады», — дейді Дәулет Досқұлов.

Оның айтуынша, жоба «Ашық НҚА» порталында қоғамдық талқылаудан өтті, қажетті құқықтық қорытындылар алынды, заң талаптарына қайшы келмейді және мәслихат депутаттары мен сарапшылардың қатысуымен қарастырылды.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.