Астанада LRT-мен жол жүру құны қанша болады?

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT-мен жол жүру құны қанша болуы мүмкін деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сарайшық ауданы тұрғындарымен кездесуі кезінде әкім LRT-мен жол жүру құны әлі нақты анықталмағанын айтты.

«Жоба бойынша бағалар 100-ден 200 теңгеге дейін болды, әзірге осы параметрлерде қалады», — деді Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бұған дейін Астанадағы алғашқы LRT станциясының видеосы пайда болды.

Астана халықаралық әуежайы аумағындағы Қабанбай батыр даңғылында орналасқан 101-станцияның ішінде эскалаторлар мен интерактивті экрандар бар, ал ол арқылы елорданың кадрлары көрсетіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.