Астанада көшелерді тазалау жұмысына 1,4 мыңнан аса коммуналдық техника жұмылдырылды

Астанада қолайсыз ауа райы сақталуда. Қалада жауын-шашын жаңбыр түрінде жауып, ауа температурасының құбылуына байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарға, тротуарлар мен көшелерге техникалық тұз себілуде.Өткен түнде қаладан қар полигондарына 1 354 ауыр жүк көлігі рейсімен 17 мың текше метрден астам қар шығарылды.

30 желтоқсанның таңынан бастап қар тазалау жұмысына шамамен үш мың жол жұмысшысы және 1,4 мыңнан аса арнайы техника жұмылдырылды.Жалпы қыс маусымы басталғалы бері қаладан қар полигондарына 103 846 жүк көлігі рейсімен 1 357 012 текше метр қар шығарылған.Алдымен негізгі көше магистральдары мен қоғамдық көлік бағыттары тазаланады. Одан кейін қозғалыс қарқыны орташа аумақтарда – аулаларда, алаңдарда, тротуарлар мен аялдамаларда тазалау жұмысы жүргізіледі.

Сонымен қатар, аула аумақтарындағы тазалықты қамтамасыз ету ПИК пен МИБ-тің міндеті екенін атап өткен жөн. Олар тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігі үшін аулаларды қар мен көктайғақтан уақытылы тазалауы тиіс.

Астана қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша мұқият болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпауға шақырады.

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...

Қазақстанда инфляция төмендеуін жалғастыруда

2026 жылғы қыркүйекте айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып,...

Сапалы білім-елдің интеллектуалдық дамуының негізі

Қазіргі әлемде мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі табиғи ресурстарымен ғана емес,...

В учреждении №74 состоялись соревнования по национальной игре «Арқан тарту»

В рамках спортивных мероприятий среди осужденных, посвященных VI Всемирным...

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында тәрбие жұмыстары өткізілді

«Шекарасыз оқу» жобасы аясында сотталғандар арасында тәрбиелік мәні бар...