Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында«Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге асырылатын «Fenomen Jas» әлеуметтік жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» ұранымен форум өтті.
Жобаны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен, Қызылорда облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі екінші жыл қатарынан жүзеге асырып келеді.
Жобаның негізгі мақсаты:

  • Талантты жастардың жетістіктерін танымал ету және олардың қоғамға қосқан үлестерін ынталандыру.
  • NEET санатындағы жастарға рөлдік модельдерді таныстыру және менторлық мектеп жұмысын дамыту.
  • Белсенді жастарды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға тарту.
    Форумның бірінші бөлімінде жастарға өз салаларында табысқа жеткен тұлғалар тәжірибелерімен бөлісті:
  • Әлия Қалқаманқызы Оспанова – Білім және ғылым саласындағы халықаралық сарапшы, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры,Президент әкімшілігі жобалық кеңсесінің қызметкері;
  • Насима Канатовна Корганбекова – кәсіби футболдағы GR менеджер, блогер;
  • Жангир Нұрбекұлы Ниязбеков – Қазақстан хоккей федерациясының маркетинг бөлімінің басшысы.
    Ал екінші бөлімде өткізілген интеллектуалды ойындар мен интерактивті тапсырмалар қатысушылар үшін қызықты әрі пайдалы болды — бұл шаралар қатысушылардың дағдыларын дамытуға ықпал етіп, уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.
    Форум жабылу салтанатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төраға орынбасары Біржан Нұржанұлы Әлімжанов форум қатысушыларына ізгі тілегін білдіріп, форум жұмысының сәтті аяқталуымен құттықтады. Сондай-ақ, жоба аясында өткен «Uly Dala Saryny» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл сыйлық қоғамдық қызметте елеулі жетістіктерге жеткен жас қазақстандықтарды танымал ету және олардың қоғамдағы белсенді рөлін қолдау мақсатында 5 номинация бойынша жеңімпаздарға табысталды.
    Форумға 100-ге жуық студенттер, белсенді жастар және волонтерлер қатысты.

Қызылорда облыстық “Жас Ұлан” ББЖҰ” ҚБ

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...