Астанада Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді

Сәрсенбі, 27 наурызда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша жабық сот отырысы өтеді. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ертең жиында бұрынғы ұлттық экономика министрінің ісі бойынша алқабилерге кандидаттарды іріктеу өтеді.

«Алқабилер алқасы 12 адамнан құрылады (10 негізгі және 2 қосалқы). Іріктеу алқабилердің жеке басын жария ету мүмкіндігін болдырмау үшін жабық сот отырысында жүргізіледі», — деп хабарлады сотта.

Еске салайық, наурыздың басында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді және азаптады деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісін алқа билер алқасы қарайтыны белгілі болды. 27 наурызға белгіленген негізгі сот отырысына бір тізім бойынша 300 алқабиге кандидат шақырылады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.