Астанада бір пәтердегі тұрғындар санына шектеу енгізіледі

Астанада бір пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу енгізілуі мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулерді Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі уақытта халық ірі қалаларда өмір сүруге ұмтылады. Бұл өз кезегінде басқа мәселеге әкеліп отыр.

«Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе тұрғын үй иелері көші-қон заңнамасын бұза отырып, азаматтарды нақты тұрмайтын мекенжайға белгілі бір ақыға тіркейді», – деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәселені шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Елорданы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заң жобасында астанада тұрақты және уақытша тұруға тіркеу нормалары белгіленген.

«Мәслихат бір азаматқа қанша шаршы метр (келетінін — еск.) анықтайды. Сондай-ақ, елордада белгіленген нормалардан артық адам тіркеуге тыйым салынады. Алайда бұл талаптар пәтер иесінің жұбайы мен жақын туыстарын тіркеу жағдайына қолданылмайды», – деп қосты Серік Жұманғарин.

Заң жобасын әзірлеушілер пәтерлеріне нақты тұрмайтын адамдарды тіркеген меншік иелерінің жауапкершілігін күшейтуді ұсынады. Сондай-ақ тұрғындарды уақытында тіркеуден шығармайтындар да жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісті түзетулер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (ӘҚБК) енгізіледі.

Алайда Жұманғарин заң бұзғандарға қандай жаза қолданылатынын нақтыламады.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...

Қазақстанда қала халқы өсіп, ауыл тұрғындарының саны азайды

2026 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20,6 миллион адамнан асты. Жыл басынан бері ел тұрғындары 133 707 адамға немесе 0,65% көбейген.

Время перемен и ответственности

ЭКОНОМИЧЕСКИЙ РОСТ, БЛАГОСОСТОЯНИЕ ГРАЖДАН, РАЗВИТИЕ РЕГИОНОВ И ПРАВОВЫЕ ГАРАНТИИ СТАЛИ ГЛАВНЫМИ ТЕМАМИ ОБСУЖДЕНИЯ ПОСЛАНИЯ. ЕГО ПОЛОЖЕНИЯ ПОЛУЧИЛИ ПОЛОЖИТЕЛЬНЫЕ ОЦЕНКИ СО СТОРОНЫ КАЗАХСТАНСКИХ ЭКСПЕРТОВ И ПРЕДСТАВИТЕЛЕЙ ОБЩЕСТВЕННОСТИ, А ТАКЖЕ ВЫЗВАЛИ ИНТЕРЕС ЗАРУБЕЖНОГО ЭКСПЕРТНОГО СООБЩЕСТВА.