12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астанада әйелдер денсаулығына арналған ашық талқылау өтті

Елордада әйелдер денсаулығы, контрацепция және қоғамның әйелдердің репродуктивті құқықтары туралы хабардарлығын арттыру мәселелеріне арналған ашық талқылау өтті. Іс-шараны Gedeon Richter Kazakhstan компаниясы Kazakhstan Women’s Health жобасы аясында ұйымдастырды.
Талқылауды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Назым Жанғазинова жүргізді.
Кездесудің басты мақсаты – қоғам назарынан тыс қалып жүрген тақырыптарды ашық талқылауға арналған алаң құру. Жоғары санатты акушер-гинеколог, медицина ғылымдарының докторы Айнұр Төлетова кең таралған гинекологиялық аурулар, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар, заманауи контрацепция әдістері және жасөспірімдердің жыныстық тәрбиесінің маңызы туралы баяндады.
Талқылау барысында қазақстандықтар арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері де ұсынылды. Зерттеу көрсеткендей, респонденттердің 73%-ы жедел контрацепцияның бар екендігін біледі, бұл қоғамда осы тақырып бойынша хабардарлықтың біртіндеп артып келе жатқанын көрсетеді.
Алайда, 43%-ы жедел контрацепция бедеулікке әкелуі мүмкін деп есептесе, 55%-ы оны түсік жасатумен теңестіреді.
Айнұр Төлетова бұл кең тараған қате пікірлерді жоққа шығарды.
«Жедел контрацепция препараттары ұрпақ өрбіту қабілетіне әсер етпейді. Олардың әсер ету механизмі уақытша және репродуктивті жүйеге зиян келтірмейді. Бұл — ғылыми дәлелденген факт. Препараттар овуляцияны немесе ұрықтануды болдырмайды, бірақ жүкті болған жағдайды үзбейді. Контрацепция – бұл денсаулыққа қауіп емес, керісінше, күрделі жағдайлардың алдын алу мүмкіндігі», — деді ол.
«Гедеон Рихтер Қазақстан» компаниясының өкілі Динара Бірмағанбетова осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.
«Әйелдер денсаулығы тақырыбының ашық талқылана бастағанына қуаныштымыз. Әйелдер сенімді ақпаратқа қол жеткізіп, денсаулығына қатысты шешімдерді уақытылы қабылдай алуы өте маңызды», — деді компания өкілі.
Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен медиа тұлғалар қатысты, олардың ішінде тележүргізуші, журналист және медиаменеджер, «Maryam» қорының негізін қалаушы Ләйлә Сұлтанқызы және «Жақсылық клубы» қайырымдылық қозғалысының негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева бар. Олар түрлі қиын жағдайларға тап болған әйелдерге көмек көрсету тәжірибесімен бөлісті.
Сонымен қатар, кездесу барысында Ләйлә Сұлтанқызы, Гүлмира Абдрашева, Айнұр Төлетова және Назым Жанғазинова Kazakhstan Women’s Health жобасының амбассадорлары болып тағайындалды.
Іс-шараға жалпы саны 50-ге жуық адам, соның ішінде журналистер, қоғам қайраткерлері және депутаттар қатысты.

Надежный гарант трудовых прав

Первый вице-министр труда и социальной защиты населения РК Аскарбек...

Удобства в сфере услуг

Развитие цифровизации, создание инновационной инфраструктуры в Шымкенте набирают популярность,...

Водный потенциал

Для успешного развития регионов необходима соответствующая инженерная инфраструктура. Это...

Новые объекты культурного наследия

СТАЛО ИЗВЕСТНО, ЧТО В СЕНТЯБРЕ ЭТОГО ГОДА В КАЗАХСТАН...

Вплоть до пожизненного заключения

Стало известно, что в Туркестанской области за первое полугодие...