Астанада Қазақстан мен Ресейдің мәңгілік достық аллеясы ашылды

2025 жылдың 28 мамырында Астана қаласында Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи және мәдени байланыстардың, одақтастық пен тату көршіліктің символына айналған Мәңгілік достық аллеясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Жаңа мәдени нысан – екі ел арасындағы көпжылдық ынтымақтастық пен сенімнің, сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин арасындағы достық қарым-қатынас пен өзара құрметтің жемісі.

Аллеяның ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресей Федерациясының Мәдениет министрі Ольга Любимова бастаған ресейлік делегация қатысты.

Іс-шара барысында Аида Балаева екі ел арасындағы қарым-қатынаста мәдени ынтымақтастықтың орны ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, қос тарап бірлескен көрмелер ұйымдастырып, шығармашылық ұжымдардың гастрольдерін, кинофестивальдер өткізуде, сондай-ақ Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі кіші комиссия жемісті жұмыс істеп келеді.

Соңғы жылдардағы маңызды оқиғалар қатарында – екі елдің мәдени күндерін, Қазақстанда «Орыс маусымдары» мәдени-гуманитарлық жобасын және «Ауқымды гастрольдер» бағдарламасы сәтті жүзеге асып келеді.

«Мәдениет әрқашан халықтарды жақындастыратын көпір болып келеді. Өнер, тіл, дәстүр мен музыка арқылы біз бір-бірімізді тереңірек танимыз, ерекшелігімізді түсінуге әрі құрметтеуге үйренеміз, ортақ құндылықтарды табамыз. Сондықтан да Мәңгілік достық аллеясы – халықтарымыздың рухани бірлігінің, ортақ тарих пен келешекке бағытталған ынтымақтастықтың айқын белгісі. Бұл орын болашақта бірлескен мәдени жобалар жүзеге асатын, суретшілер, музыканттар, актерлер, тарихшылар мен жас таланттар бас қосатын алаңға айналарына сенемін. Аллея – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар сенім мен құрмет, ортақ құндылықтарды сақтау қажеттігін еске салып тұратын символ», – деді Аида Балаева.

Ресей Мәдениет министрі Ольга Любимова екі ел арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

«Достық аллеясын ашу құрметі екі елдің мәдениет министрлігіне беріліп отыр. Мәдени байланыстар, ортақ құндылықтар мен тарих – халықтар достығының берік тірегі екені сөзсіз», – деп атап өтті Ольга Любимова.

Сонымен қатар «Мәдени диалог: Қазақстан – Ресей» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған қос елдің шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты. Жиын барысында театр өнері, музей ісі, кітапхана саласы, кинематография және мәдени білім беру бағыттарындағы бірлескен жобаларды дамыту перспективалары талқыланды.

Аталмыш мәдени іс-шаралар екі ел өнерпаздары қойған концертпен түйінделді. «Астана Опера» театрында Қазақстан мен Ресейдің мәдениет қайраткерлері, халықаралық байқаулардың лауреаттары, академиялық өнер жұлдыздары өнер көрсетті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.