Астанадағы LRT: пойыздар сынақ режимінде қашан іске қосылады?

Премьер-министр Олжас Бектенов Астанадағы LRT құрылысының барысымен танысты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкіметтің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі уақытта нысанда рельстер төселіп жатыр – ұзындығы 2 шақырым болатын учаскеде, сондай-ақ оптикалық талшықта жұмыс аяқталды. Биыл жұмысқа 2 мыңға жуық адам жұмылдырылды, жаз мезгілінде нысанға 5 мыңға жуық маман тартылады.

«CTS» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев 25 қазанда LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Астанадағы жеңіл рельсті көлік жобасы озық GoA4 стандартына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, бұл 6 айлық сынақ мерзімін талап етеді.

«LRT жобасының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Былтыр эстакаданы, көпірді және стансалардың темірбетон жұмыстарын аяқтадық. Астанада темірбетон шпалдарын өндіретін зауыт іске қосылды. Рельс төсеуді бастадық. Депоның, стансалардың құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ арнайы қызметкерлерді оқыту қолға алынды. ЛРТ желісі бойынша абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, оған жаяу жүргіншілерге, велосипед тебуге, жүгіруге арналған жолдар, сонымен қатар қала тұрғындары үшін демалыс аймақтары кіреді», — деді «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев.

Әуежайдан Рысқұлов көшесіне дейін ірі ағаштар мен көпжылдық бұталар отырғызылып, автоматты суару жүйесін орнату жоспарланған. Қабанбай батыр даңғылы бойымен Сығанақ көшесіне дейінгі аумақ балалар және спорт алаңдары, жаяу жүргіншілер жолдары қоғамдық кеңістіктерге бөлінген. Әрі қарай жолаушылар ағыны белсенді 2-теміржол вокзалына дейін кең автотұрақтар, велосипедке арналған жолдар жасалып, көгалдандыру қарастырылған.

Олжас Бектенов депоның басқару орталығы аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен де танысты. Жоба қытайлық серіктес China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., Ltd. компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр. Толық автоматтандырылған депо құрамдарды тұраққа қоюға және жөндеуге, материалдар мен қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған 13 негізгі ғимараттан құралған. Сондай-ақ мұнда диспетчерлік пункт, байланыс торабы және LRT пайдаланушы компанияның әкімшілік кеңсесі бар барлық қоғамдық көлік түрлерін басқаратын орталық салынып жатыр.

Депо алаңында LRT-ға арналған жылжымалы құрамды өндіруші CRRC Tangshan Co.,Ltd. зауытымен бейнебайланыс арқылы тікелей қосылым болды. Премьер-министрге LRT бойымен жолаушыларды тасымалдайтын локомотивтердің ерекшеліктері баяндалды. Барлығы 650 орынға есептелген 19 төрт секциялы құрам жұмыс істейтін болады.

Tangshan CRRC Group компаниясының басқарма төрағасы Чжоу Цзюньянь қазіргі уақытта өндірісте сағатына 350 км/сағ дейін жоғары жылдамдықты пойыздар өндірісіндегі технологиялар мен стандарттарды қолдана отырып, алғашқы екі құрамды құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Құрастыру тікелей құрылыс алаңында жүргізіледі. Әр құрам 36 жоғары сапалы монитормен, 11 камерамен және пойыздарды автоматты басқару жүйелерімен жабдықталады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.