Астана және Алматы тұрғындарына ауа райына байланысты ескерту жасалды

Синоптиктер Қазақстанның төрт қала тұрғындарын бүгін болатын қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескертті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«9 наурызда Ақтөбе, Алматы, Орал және түнде Астана қалаларында ауаның ластануы бойынша қолайсыз метеорологиялық жағдай болады», — делінген мамандардың хабарламасында.

Қолайсыз ауа райы — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, екпіні аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Олар ауаның жер қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қазақстандағы ауа райы болжамына келетін болсақ, синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.

«Орталықта жауын-шашын, желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі, тек республиканың оңтүстік-шығысында антициклон сілкінісінің әсерінен жауын-шашын болмайды. Республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі», — деп хабарлады синоптиктер.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының тау асуларында секундына 30 метр және одан да көп жел соғады.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады 

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Президент Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге сапары түркі дүниесінің рухани әрі тарихи-мәдени ескерткіштерінің бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.

Мереке күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 21, 22, 23 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Поддержка под вопросом

В МАЖИЛИСЕ ПАРЛАМЕНТА ОЗВУЧИЛИ СРАЗУ ДВА ЧУВСТВИТЕЛЬНЫХ ВОПРОСА СОЦИАЛЬНОЙ ПОЛИТИКИ – ФИНАНСИРОВАНИЕ УСЛУГ ДЛЯ ДЕТЕЙ С ИНВАЛИДНОСТЬЮ И ОТСУТСТВИЕ ПОДДЕРЖКИ ОПЕКУНОВ НЕДЕЕСПОСОБНЫХ ГРАЖДАН. НАРАСТАЮЩЕЕ НАПРЯЖЕНИЕ В СИСТЕМЕ ОТМЕТИЛИ ПАРЛАМЕНТАРИИ В ДЕПУТАТСКИХ ЗАПРОСАХ НА ИМЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА СТРАНЫ.