12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АСТАНА — ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТҰМАРЫ

6 шілде – еліміздің бас қаласының туған күні. Алғашында Ақмола атанып, кейіннен Астана атын иемденген елордамыз 2019 жылдың 20 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан аталып келеді. Үш жылдан бері құлаққа сіңісті болған жаңа есімнің алғашқы Президент құрметіне қойылғаны белгілі. Астананың 10 жылдық мерейтойы қарсаңында «Мерекелер туралы» заңға толықтыру енгізу туралы» заң жобасы мақұлданып, соған сәйкес астана күні жаңа мемлекеттік мереке болып белгіленген болатын. Сөйтіп еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толыққан еді.

Қалай десек те бұл күннің Қазақстан тарихындағы орны бөлек. Өйткені, астананың ауысуында үлкен стратегиялық мән бар. Қаржылық шығыны мол болғанымен, бұл мемлекеттік бастаманың өзіне жүктелген үдеден шығып, тапсырылған миссияны мүлтіксіз орындап келе жатқанына халық куә. Қазақстанның жүрегінде орналасқан әсем қаланың бүгінде сәулеті келіскен, мәртебесі асқақтаған. Ақорданың көшін орталыққа бұру арқылы Есілдің бойында ертегідей әдемі шаһар бой көтерді. Талай жастың арманы болып, жас отбасылардың жаңа өмір бастауына жол салған астанамыздың халықаралық аренадағы орны да биік. Оны соңғы жылдары елорданың бірнеше мәрте халықаралық келіссөздер алаңына айналуынан байқау қиын емес. Тәуелсіздіктің тұмары іспеттес бас қаламыз осы уақытқа дейін халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Соңғы жылдар ішінде Қазақстанның елордасы бірнеше рет барша әлемдік қоғамдастықтың басты назарына ілінді. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар өтуде. Сонымен бірге, ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттері де астана төрін дүбірге толтырды. Елордада ЭКСПО халықаралық көрмесінің өтуі ЭКСПО қалашығының бой көтеруіне түрткі болды. Жалпы, Еуразия құрлығының ортасында қолайлы орналасуы астананы экономикалық тұрғыдан тиімді көлік, қатынас және логистика орталығына, Еуропа мен Азия арасындағы өзіндік транзиттік көпірге айналуына ықпалын тигізді. Бас қаланы дамыту, түрлендіру бағытындағы жұмыстар әлі де жалғаса береді. Ал осы істердің нәтижелі, жемісті болуы астаналықтардың ғана емес, барша қазақстандықтардың міндеті. Іргетасы берік, шаңырағы биік болған астанамыз әрқашан ел күтетін сүйінші жаңалықтардың жаршысы, игілікті істердің қайнары болғай!

Жібек ҚҰДАЙБЕРГЕНОВА

Кризис доверия и формализм

В МАЖИЛИСЕ РАЗВЕРНУЛАСЬ ДИСКУССИЯ О НЕЭФФЕКТИВНОСТИ ПРАВИТЕЛЬСТВА. ПАРЛАМЕНТАРИИ НАЗВАЛИ ОТВЕТЫ КАБМИНА НА ЗАПРОСЫ ГРАЖДАН ФОРМАЛЬНЫМИ ОТПИСКАМИ.

АЖЫРАСАТЫНДАР САНЫ 16%-ға АЗАЙДЫ

Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Қазақстанның қоғамдық даму институтымен бірлесіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөнінде ұлттық баяндама дайындады. Биылғы жылы бұл бағытта оң нəтижелерге қол жеткізілген. Орталық коммуникация қызметінің алаңында сөз алған Жастар жəне отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Лира Раисованың айтуынша мұндай оң көрсеткіштер мен нəтижелерді алдағы уақытта да лайықты жалғастыруға көңіл бөлінбек.

Қазақстанда талапты орындамаған әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

"Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы" заңға уәкілетті органның талаптарын орындамаған платформалардың қолжетімділігін шектеуге мүмкіндік беретін норма енгізу ұсынылды.

Ипотека, автонесие, салық: Нарықты не күтіп тұр?

Қазақстандағы несие нарығында айтарлықтай өзгерістер басталды. Ұлттық банк жүргізген соңғы сауалнама бизнес сегментінің қайта жандана бастағанын көрсеткенімен, тұрғындар үшін несие алу талаптары бұрынғыдан қатаңдай түскен. Ипотекаға сұраныс төмендеп, автонесие де жаңа мөлшерлеме қысымын сезіне бастады.

Қазақстанда әкімшілік әділет институты дамиды: Сенат заңды мақұлдады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік әділет, норма шығару және заң көмегін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады.