Астана мен Алматыда пәтер құны жылдам көтеріле бастады

Астанадағы тұрғын үй нарығы бағаның күрт өсуін көрсетіп отыр. Қараша айында елордадағы қайталама нарықтағы пәтерлер қазан айымен салыстырғанда 4,8%-ға қымбаттады. Бұл 2024 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары айлық өсім. Мұндай мәліметтерді Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баға өсімі жаңа үйлерге де тән: бастапқы нарықта өсім +3,2% болды. Салыстыру үшін айта кетсек, осы сегментте бағаның бұдан да жоғары өсуі соңғы рет қыркүйекте тіркелген (+5,1%).

Нарықта пәтер жалдау да қалыспай келеді,  жалдау ақысы бір айда 4%-ға өскен. Сарапшылар мұндай динамика қараша үшін әдеттен тыс екенін айтады. Мұндай жылдамдық бұған дейін тек 2024 жылдың желтоқсанында байқалған.

Алматы тұрғын үй нарығында не өзгерді?

Оңтүстік астанада бастапқы тұрғын үй нарығында айтарлықтай өсім байқалды. Баға қазан айымен салыстырғанда 3,5%-ға жоғары. Бұл соңғы екі жылдан астам уақыттағы ең жоғары көрсеткіш, яғни 2023 жылғы қыркүйектен бері болмаған деңгей.

Қайталама нарықта екі ай қатарынан +2,1% бағаның тұрақты өсуі байқалады.

Алматыдағы жалдамалы тұрғын үй бағасы 2,6%-ға өсті. Қыркүйекте өсім бұдан жоғары болғанымен, сарапшылар қараша айына мұндай динамика да тән емес екенін атап өтеді.

Екі мегаполистегі бағаның өсуі нарықтағы қысымды күшейтіп, тұрғындар үшін баспананың қолжетімділігін төмендетіп отыр.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.