“Астана LRT“ экс-басшысы Талғат Ардан Түркияда ұсталды

ҰҚК Антальяда «Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан ұсталғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

2019 жылы қыркүйекте Бас прокуратура Түркияның Әділет министрлігіне «Астана LRT» ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды беру туралы сұрау жолдаған.

Осыған байланысты Түркия Республикасының құзыретті органдары іздеу іс-шараларын жүргізген.

«Биыл ҰҚК оның нақты орналасқан жерін анықтады, кейін оны Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады. 9 мамырда Анталья соты Т.Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және қазір ол қамауда отыр», — деп жазылған хабарламада.

Қазақстанның құзыретті органдары оны Қазақстанға қайтару бойынша рәсімдерді бастады.

LRT ісі

LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталды. Осы уақыт ішінде басты айыпталушылар, яғни «Астана LRT» экс-басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков халықаралық іздеуде болды.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздестіру бойынша іс қай сатыда екенін айтты.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде болды.

Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде болды.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Елімізде жәрдемақы мен оны тағайындау шарты бекітілді

Үкіметтің 2026 жылғы 5 қазандағы қаулысы жәрдемақы тізімі және оны тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату шарты, жерлеу төлемін бір рет тағайындау шарты бекітілді.

Қазақстандықтардың 71 пайызы ауырғанда бірінші ЖИ-ден кеңес сұрайды 

Қазақстандықтардың 94 пайызы ауырған кезде алдымен өз бетінше емделуге әрекет етіп көреді.

Елімізде көпқабатты үйлерге өрт сөндіру техникасының кіру талаптары күшейтілді 

Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің өрт қауіпсіздігіне қатысты жаңа талаптар белгіленді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды 

Әуежайда Қазақстан Президентін Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Алматыда жылуды 9 қазаннан бастап қосады

Алматыда биыл жылу қосу маусымы 9 қазанда басталады. Алайда әкімдіктің хабарлауынша, тұрғын үйлерге жылу бірден қосылмайды.