12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астана колониясында сотталған Ауғанстан Республикасының азаматына жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға көмектесті

Астаналық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мекемесінің қызметкерлері Ауғанстан Республикасының сотталған азаматына Ұлттық паспорттың қолданылу мерзімін ұзартуға көмектесті.

Астана қаласының № 3 мекемесінің арнайы есепке алу бөлімшесінің қызметкерлері аумақтық көші-қон қызметімен бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды құжаттандыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ, шет мемлекеттердің сотталған азаматтарының құжаттары бақылауда.

Сотталған С., Ауғанстан Республикасының азаматы ұлттық паспорттың қолданылу мерзімі аяқталды.

Мәселен, Ауғанстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы консулдық қызмет өкілдігімен үйлесімді жұмыс нәтижесінде сотталған С. Ауғанстан Республикасы паспортының қолданылу мерзімі ұзартылды.

Сотталғандардың жеке басын куәландыратын құжаттардың болуы бас бостандығынан айыру орындарында жұмысқа орналасу үшін, талап-арыз талаптарын өтеу үшін, ең бастысы өз туыстарына көмек көрсету үшін қажет.

Астана қаласының көші-қон қызметімен өзара іс-қимылдың арқасында қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының барлық сотталған азаматтарында құжаттар бар.

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...

В День Республики — инициатива, единство и гордость

В честь Дня Республики Казахстан осуждённые учреждения №14 ДУИС...

Кішкентай қыздың құрметі – үлкен өнеге

Қоғамдағы тыныштық пен тәртіпті сақтау – полиция қызметкерлерінің ең...