12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астана колониясында 60-тан астам сотталған сот қаулысымен алкоголизм мен нашақорлықтан мәжбүрлеп емдеуден шығарылды

Бас бостандығынан айыруға сотталған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардан емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері сот үкімі бойынша мекеменің медициналық бөлімшесі жүзеге асыратын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.

Астана колонияларында барлығы 60-тан астам сотталған емдеу курсынан өтті. Емдеу диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізілді. Белсенді емдеу курсы аяқталғаннан кейін демеуші ем тағайындалады. Аурудың қайталануына және емдеу курсының бұзылуына жол берілмеуіне байланысты Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті мекемесінің медициналық комиссиясы мәжбүрлеп емдеуді тоқтату туралы мәселені шешу үшін сотқа материалдар жолдайды.

Сот мәжбүрлеп емдеуді алып тастағаннан кейін бұл сотталғандар диспансерлік есепте 5 жыл тұрады.

Мәжбүрлеп емдеуден өткен сотталғандарды жазасын өтеуден босатудың барлық жағдайларында мекеме психикасы, мінез-құлқы бұзылған адамның амбулаториялық картасынан босатылатын үзінді көшірмені тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдарына жолдайды.

Бас бостандығынан айыру орнынан босатылған уақытта емдеу аяқталмаған жағдайларда мекеме оны жалғастыру қажеттілігі туралы дәлелді қорытынды жасайды. Қорытындының негізінде мекеме әкімшілігі денсаулық сақтау мемлекеттік басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымында мәжбүрлеп емдеуді ұзарту туралы ұсыныспен сотқа шығады.

«Мәжбүрлеп емдеуден бас тарту жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу болып табылады және психотерапиялық ықпал етудің барлық әдістері таусылғаннан кейін сотталған адамға қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес жазалау шаралары қолданылады. Емдеудің «бұзылуына» жол берген сотталғандарға рецидивке қарсы терапия жүргізіледі», — деп атап өтті Астана қаласының ҚАЖД медициналық қамтамасыз ету тобы бас маманының міндетін атқарушы Ерқанат Тәттібаев.

Алкоголь мен қылмыс арасында, әсіресе зорлық-зомбылықпен жасалған қылмыстарға қатысты байланыс бар. Көптеген тұтқындар алкоголь мен есірткіні қолданумен байланысты қылмыстар үшін бас бостандығынан айырылады.

Алайда, бас бостандығынан айыру кейбіреулерге алкоголь мен есірткіге байланысты проблемаларды шешумен айналысуға мүмкіндік береді, бұл көптеген жағдайларда оң нәтижеге және қайталанған құқық бұзушылықтардың төмендеуіне әкеледі.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...