12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астана колонияларында 150-ден астам сотталғандар кәсіптік білім алады

Сотталғандарға техникалық және кәсіптік білім беру сотталғандарды түзеу құралдарының бірі ғана емес, сонымен қатар еңбекті тиімді ұйымдастыруға ықпал етуге арналған. Яғни, сотталғандар мекемеде жұмыс істей алатын мамандық алады, сонымен бірге ол босатылғаннан кейін еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіппен қамтамасыз етіледі.

Кәсіптік білім беру мекемелердің аумағында жұмыс істейтін кәсіптік колледждерде жүзеге асырылады.

Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің екі мекемесінде де колледж филиалдары орналасқан. Аталған оқу орындарына 2022-2023 оқу жылына сотталғандар қатарынан 150-ден астам тыңдаушы қабылданды.

Мысалы, Аршалы кентінің №2 мекемесінде Аршалы кентінің агротехникалық колледжінің филиалы жұмыс істейді. Аталған оқу орнына 2022-2023 оқу жылына сотталғандар ішінен 100-ге жуық тыңдаушыны келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүзеге асырылды: шебер – құрылысшы, электргазбен дәнекерлеуші, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инженерлік объектілеріне қызмет көрсету шебері (тұрмыстағы сантехник), ағаш ұстасы, тігінші.

Көріп отырғанымыздай, жоғарыда аталған мамандықтар еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие.

Мекемелердің әкімшілігі, колледждердің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері мамандығы жоқ сотталғандардың көп санын кәсіптік біліммен қамтамасыз ету бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.

Оқу курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған сотталғандарға мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі. Білімі туралы құжаттар сотталғандардың жеке істерінде сақталады және оларға мекемелерден босатылған кезде қолдарына  беріледі.

Оқу процесі, әрине, сотталушыға тәрбиелік әсер етеді.

Оқыту кезінде жауапкершілік, тәртіптілік және т. б. сияқты жағымды жеке қасиеттер дамуы керек.

Талдау көрсеткендей, сотталған студенттер жазаны өтеу режимін едәуір аз бұзады.

Кәсіптік оқыту әсер ету жүйесінде ерекше орын алады. Оқу кезінде сотталғандар кәсіби және арнайы білімді, дағдылар мен іскерліктерді ғана емес, әлеуметтік тәжірибені де меңгереді.

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...