12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астана қ. ҚАЖ департаменті мекемелерінде медициналық қамтамасыз етуді жақсарту мақсатында Астана қ. Қоғамдық денсаулық сақтау мекемесімен кездесу өтті 

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шілдедегі №622 Жарлығына сәйкес 2022 жылғы 1 шілдеден бастап аралас қауіпсіздік мекемелерінде ұсталатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету функциялары (тергеу изоляторы) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына берілді, осыған байланысты, көрсетілген кезеңнен бастап медициналық көмек көрсету, ЕЦ-166/1 мекемесінің арнайы контингентін қабылдау мен консультацияны «Достық» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының (бұдан әрі — емхана) медицина қызметкерлері жүзеге асырады.

Бұл шара ҚАЖ жүйесінде медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін Қазақстан Республикасының мемлекетімен қабылданды. Бізде жүйеде медицинаны жаңа тиімді деңгейге шығаруға, сондай-ақ арнайы контингент пен олардың туыстарының көзқарасын өзгертуге және олардың бізге деген сенімін нығайтуға мүмкіндік бар. Осылайша біз Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын      мемлекет» тұжырымдамасының Жолдауын орындаймыз.​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

Функциялар берілген күннен бастап мемлекеттік органдар арасында арнайы контингент үшін медициналық көмек көрсету жөніндегі жұмысты дұрыс ұйымдастыру мақсатында бірнеше рет жұмыс кеңестері өткізілді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша көптеген мәселелер өз шешімдерін тапты, қоғам игілігі үшін тығыз қарым-қатынас жасауды үйренді. Екі орган өздері үшін жаңа және ерекше нәрсе білді. Олар бір-бірінің келіспеушіліктері мен дәлелдерін тыңдауды үйренді, сонымен бірге. ортақ шешім таба білді, себебі ең басты мақсат бұл- МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ.

Медициналық тексерулердің көптеген түрлері, зертханалық зерттеулер және мекемедегі адамдар үшін тар мамандардың кеңестері қол жетімді болды. ​ ​ ​ ​ ​  

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...