«Оңалту технологиялары және тұжырымдамалары» қоғамдық қорының директоры Орынбасар Құлжабаева Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдерін, қолжетімділік және әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысын, азаматтардың әлеуметтік осал санатымен жұмыс жөніндегі бөлім басшысын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның басқа да өкілдерін шақыра отырып, дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Астана қаласының ҚАЖД басшылығы мен қызметкерлері қатысты
«Қылмыстық-атқару жүйесі ретіндегі біздің басты мақсатымыз-бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеген адамдар «бортта» қалмауы және ең бастысы қылмыстық қылмыстардың қайталануын болдырмау үшін бостандықта өмір сүруге дайын сотталғандарды қоғамға қайтару. Осының барлығы үшін қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмек көрсетуді ұйымдастыруда жергілікті атқарушы органдармен тығыз және жемісті өзара іс — қимыл жасау қажет» — деген сөзбен Астана қаласы бойынша ҚАЖД ба стығының орынбасары Рысбек Тұрғымбаев дөңгелек үстел ашты.

Аталған іс-шарада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 264 қа улысымен бекітілген ҚАЖ мекемелері сотталғандарының жазасын өтеумен байланысты мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл тетіктерін өзгерту және құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл туралы 2030 жылға дейінгі жоспарында көзделген азаматтық қоғам өкілдерін тарта отырып, халықаралық озық тәжірибені ескере отырып, бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан адамдарды қайта әлеуметтендіру жөніндегі тәсілдерді қайта қарау мәселелерін көтеріпі және талқылау керек екенін»- Астана қаласы ҚАЖД-нің бас маманы Ақтоты Бекенова атап өтті.