Астана AIF-ке келетін бес мыңнан астам қонақты күтеді

Astana International Forumқатысушылары Қазақстан астанасына келе бастады. Бес мыңнан астам шетелдік қатысушы келеді деп күтіліп отыр. Олардың қатарында форумға қатысушылар,делегация жетекшілері мен компания басшылары, еріп жүретін тұлғалар мен 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар. 

Форум ұйымдастырушыларының айтуынша,қонақтар қаланың 37 ірі қонақ үйіндегі нөмірлерге тапсырыс берген. Мәселен,
2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдыз санатындағы қонақүйлердіңтолымдылығы 50-ден 90% — ға дейін, 5 жұлдыз санаты 90-нан 100%-ға дейін құрады.

Ақпарат үшін, 2024 жылдың ұқсаскезеңінде қонақ үйлердің толуы 4 жұлдыз
санаты 30-дан 60%-ға дейін, 5 жұлдыз санаты 50-ден 60%-ға дейін көрсеткенболатын. 

Айта кетейік, қалаға келетін іскер
туристің орташа шығыны 177 мың теңгені, (тұру, тамақтану, такси, ойын-сауықжәне шопинг), ал тұрақтаудың орташа ұзақтығы 3 күнді құрайды. 

Тек шетелдік қонақтардың келуі
есебінен елорда мен ел экономикасы үшін іс-шарадан күтілетін мультипликативтікәсер 2,6 млрд теңгеден асады. Бұл Астана мен Қазақстанның экономикалық әлеуетін
дамыту үшін осындай іс-шаралардың маңыздылығын растайды.

Астана халықаралық форумы 2025 жылғы29-30 мамыр күндері өтеді. 

Іс-шараның бас серіктесі —
«Самұрық – Қазына «ҰӘҚ» АҚ, бас демеушісі – «ERGКөмек» корпоративтік қоры, форумның ресми банкі — «Фридом Банк
Қазақстан» АҚ. Бұған қоса, форумды қазақстандық ірі кәсіпорындар менкомпаниялар қолдады

«50 мың теңгелік зауыт»: сот Артем Крецумен жасалған мәмілені жарамсыз деп таныды

Құны 2,5 млрд теңгеден асатын активтері бар Көкшетаудағы жұмыс...

Tatulyq.kz: зорлық-зомбылықтың алдын алуда қоғамның жауапкершілігі маңызды

Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз...

Ана тілі — асыл қазына

         Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Бұл...

ПРЕСТУПНЫЕ ДОХОДЫ – ЧЕРЕЗ КРИПТУ

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ ОТКРЫЛИ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ НЕ ТОЛЬКО ДЛЯ ЗАКОННОГО...