12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Астана әуежайы «Сервис-АСТ» шығынын төлеуге неге қарсы?

Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында 2020 жылдан бері ақша айырбастау қызметімен айналысып келген «Сервис-АСТ» ЖШС компаниясы сауда нүктелерінен күштеп шығарылғанын және орнына басқа бәсекелестің орналасқанын жазған едік.
Яғни, халықаралық терминалдағы орынды ұзақ мерзімге жалға алып, ақшасын уақытылы төлеп келген «Сервис-АСТ» ЖШС-ні бұл кеңістіктен заңсыз шығарылғаны салдарынан сотқа жүгінуге және қаншама шығынға батуға мәжбүр болды. Компания сөзсіз барлық инстанциядан жеңді. ҚР Жоғарғы соты да әуежай әкімшілігінің әрекетін заңсыз деп танып, жалдау шарты бойынша құқықты «Сервис-АСТ» ЖШС-не қайтаруды бұйырды. Алайда, шешім 2024 жылдың қарашасында күшіне енсе де, Астана әуежайы да, «Байлық финанс» компаниясы да Жоғарғы соттың үкімін елемеген.


Соның салдарынан «Сервис-АСТ» ЖШС бұған дейінгі тауып отырған табысынан айырылып, біршама шығынға батты. Енді «Сервис-АСТ» ЖШС соттың шешімін орындамаған Астана әуежайы мен «Байлық финанс» ЖШС-дан шығынды өндіріп алу үшін арыз түсірді.
Сонымен, «Сервис-АСТ» ЖШС-нің сотқа қойған талабы – 2024 жылдың 2 сәуірі мен 2025 жылдың 2 маусымы аралығында уыстан шығарылған пайда үшін Астана әуежайынан 129 млн 833 мың, «Байлық финанс» ЖШС-нен 63 млн 989 мың еңгені өндіріп алу.
10 қыркүйек күні өткен отырыста судья Айжан Әбенова тараптарға сөз берді. Алғаш болып сөз алған талаптанушы «Сервис-АСТ» ЖШС қорғаушысы Алма Мусинаның айтуынша, «Сервис-АСТ» ЖШС 2024 жылдың 2 сәуірінен бері дұрыс жұмыс істей алмай, қаншама шығынға батқан.


«Астана әуежайы әкімшілігі компанияның осы уақытқа дейін тұрақты жұмыс істеп келген орнын «Байлық финанс» ЖШС-не беріп, жалға беру туралы келісім-шартты заңсыз жасады. Ал шешімнің заңды түрде орындалуы тиіс екенін ескерсек, «Сервис-АСТ»-ге тиесілі орында басқа мекеме неге жұмысын заңсыз жалғастырып келеді? Әрі-беріден соң шетелдік инвестор осы орындағы әрекетін тоқтатпаған компаниядан жалға төленетін ақыны қабылдауды жалғастыруы сот шешімін ашық бұзу емес пе? Сот үкімі бойынша әуежай «Байлық финанс» ЖШС-мен жасалған келісім-шартты «Сервис-АСТ»-ға беру керек болатын. Бірақ әуежай әкімшілігі бір жылға жуықтаса да сот шешімін орындауға, ал «Байлық финанс» ЖШС орынды босатуға асықпады. Салдарынан «Сервис-АСТ» шығынға батты. Біз соттан шығынды өтеп беру талабын қанағаттандыруды сұраймыз», – деді.

Ал Астана әуежайының өкілі Аманжол Мұхамедьяров: «Әкімшілік «Сервис-АСТ» ЖШС-не басқа орын ұсынды. Бірақ компания дәл сол кассаны қайтаруды сұрады. Айырбастау пунктін басқа жерден, республиканың кез келген қаласынан да ашуға болады» деген пікір білдірді. 

Бұған қатысты қорғаушы Алма Мусина: «Сервис-АСТ» талай жылдан сол кассада жұмыс істеді. Жарнамаға қаржы бөлді. Тұрақты клиенттерін қалыптастырды. Қаншама адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етті. Ең бастысы, әуежай бұл орынды заңсыз басқа компанияға берді. Сондықтан өз құқымызды талап етуіміз орынды деп санаймын», – деп жауап берді.


Сол сияқты жауап беруші екінші тарап – «Байлық финанс» ЖШС өкілі «Сервис-АСТ» ЖШС-нен корпоративтік табыс салығы, сараптамалық есептер туралы құжат ұсынуды сұрады.
Қысқасы, әуежай әкімдігі сот үкімімен келіспейтінін айтып, «Сервис-АСТ-ге басқа орын ұсындық. Бірақ олар мұнда жұмыс істегісі келмейді» деген желеуді алға тартса, «Байлық финанс» те сот шешімімен келіспей, талап арыздағы соманы да, орынға қатысты да дауласып әлек. Осылайша, соттан талапты қанағаттандырмауды сұрап отыр.


Айта кетейік, сот «Сервис-АСТ» ЖШС-нің шығыны бойынша сарапшыларға ұсыныс жасап, қорытынды нәтиже алыпты. Бірақ нақтылық үшін қосымша тағы бір сараптама жасауды ұйғарды. Алайда, бұл сұрақтың басы ашық қалды. Оған «Сервис-АСТ» ЖШС де, жауап берушілер де келісім берген жоқ. Келесі сот отырысы 16 қыркүйекте жалғаспақ.

Ашық сот отырысы қайта қылмыс жасаудың алдын алу

Тараз қалалық прокуратурасымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД Тараз қалалық...

«Учаске» атты жедел профилактикалық іс-шара өткізілуде

01.09.2025 ж.-01.11.2025 жыл аралығында Жамбыл облысы аумағында Жамбыл облысы...

На вайбе: как несостоявшийся концерт Макса Коржа объединил города и страны

35 тысяч зрителей концерта Макса Коржа остались без шоу,...

ОПМ «Участок»

На учете службы пробации Ауэзовского района ДУИС по г.Алматы...