Астана – қауіпсіз қала: заң мен тәртіп қағидатын ұстанған мекен

Астана – тек елорда ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіптің үлгісін көрсетіп отырған заманауи мегаполис. Қаланың қарқынды дамуы мен халық санының артуына қарамастан, мұнда құқықтық тәртіпті сақтау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты басымдықтардың бірі болып қала береді.

Бүгінде қалада қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Құқық қорғау органдары тәулік бойы қызмет атқарып, құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын күшейткен. Әсіресе, халық көп жиналатын орындарда бақылау күшейтіліп, бейнебақылау жүйелері кеңінен енгізілген. Бұл өз кезегінде қылмыс деңгейін төмендетуге оң әсерін тигізуде.

Қала көшелерінде патрульдік полиция қызметі тұрақты түрде жұмыс істейді. Олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып қана қоймай, тұрғындарға көмек көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, цифрлық технологиялардың дамуы арқасында «ақылды қала» жүйесі енгізіліп, қауіпсіздік деңгейі жаңа сатыға көтерілді.

Заң мен тәртіп қағидаты – қоғамның тұрақтылығы мен дамуының негізі. Осы тұрғыда тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру да маңызды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында құқықтық сауаттылықты көтеруге бағытталған іс-шаралар жиі өткізіліп, жастар арасында заңға құрмет қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтер де жиі өтеді. Соның дәлелі «СТОП: есірткі», «Заң мен тәртіп» түнгі рейді секілді шаралар. Сарыарқа ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі басшысы Дамир Хисматуллин қала қауіпсіздігін сақтауда мұндай шаралардың маңызы зор екенін айтады.

«Біз есірткі заттарын заңсыз сақтаудың алдын алу мақсатында 20-ға жуық түнгі клуб, караоке және лаундж-барларда профилактикалық іс-шаралар аясында рейд жүргіздік. Жыл басынан бері «Заң мен тәртіп» қағидаты бойынша 50-ден астам, ал «Астана – есірткісіз қала» акциясы аясында 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылды», – деді Дамир Хисматуллин.

Үш ақ айдың ішінде осынша шара қамтылған. Демек жыл соңына дейін әлі талай жұмыстар жүргізіле бермек.

Сарапшылардың пікірінше, қауіпсіз қала тек құқық қорғау органдарының жұмысына ғана емес, тұрғындардың өзара жауапкершілігіне де байланысты. Әр азамат заң талаптарын сақтап, қоғамдық тәртіпті құрметтеген жағдайда ғана қалада тұрақтылық пен тыныштық орнайды.

Қорытындылай келе, Астана – заң үстемдігі мен тәртіп қағидаты орныққан, қауіпсіздігі жоғары қала. Мұндай ортада өмір сүру – әр тұрғын үшін үлкен мүмкіндік әрі ортақ жауапкершілік.

Города будущего уже сегодня: взгляд молодых исследователей

17 целей устойчивого развития ООН, принятые международным сообществом, направлены...

Роль журналиста в современном обществе

В современном мире журналист играет важнейшую роль в формировании...

Президент перечислил качества, которые должны быть присущи современным лидерам

Президент перечислил качества, которые должны быть присущи современным лидерам. –...

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды

Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды. – Жаһандық...