АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҮЛЕКТЕРІ МЕЙРАМХАНАЛЫҚ КЕШТЕРДЕН БАС ТАРТЫП, ИГІЛІКТІ БАСТАМАЛАРҒА БЕТ БҰРУДА

Астана қаласында биылғы мектеп бітіруші түлектер арасында жаңа әлеуметтік үрдіс қалыптасып келеді. Қалалық білім беру басқармасының мәліметінше, түлектердің шамамен 70% пайызы дәстүрлі мейрамханаларда өтетін салтанатты кештерден бас тартып, мектеп қабырғасында қарапайым әрі мазмұнды түрде қоштасуды жөн көрген.

Бұл бастаманың басты мақсаты – мектеп бітіру кешінің мәнін сән-салтанатпен немесе қымбат дастарханмен емес, рухани құндылықтармен ұштастыру. Түлектер үшін ең маңыздысы – ұстаздарға алғыс білдіру, сыныптастарымен естелік сәттерді бөлісу және мектеппен тағылымды түрде қоштасу.

Мектеп әкімшіліктерінің айтуынша, мұндай шешім ата-аналарға түсетін артық қаржылық жүктемені азайтып қана қоймай, әлеуметтік теңсіздік пен даңғазалықтың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жастар арасында қарапайымдылық, жауапкершілік және тәрбиелік құндылықтарды дәріптеуге оң ықпал етуде. Сондай-ақ мектеп бітіру кештерін қауіпсіз әрі тәртіпті ортада өткізуге жол ашып отыр.

Жаңа үрдістің маңызды ерекшелігінің бірі түлектердің әлеуметтік жобаларға белсенді араласуы. Атап айтқанда, түлектер балалар үйлеріне қайырымдылық көмек көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіруде. Сонымен қатар қала көшелеріне ағаш отырғызып, қоғамдық орындарды көгалдандыру және тазалық акцияларына белсенді қатысып жатыр.

Соның ішінде №101 жалпы орта мектебінің түлектері де игі бастамадан шет қалмады. Олар балалар үйлеріне арнайы барып, кішкентай бүлдіршіндерге ойыншықтар мен қажетті киім-кешектер табыстады. Түлектер балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қайырымдылық шарасы арқылы мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сонымен қатар мектеп бітірушілері өзге түлектерді де осындай игілікті іс-шараларды қолдауға және қоғамға пайдалы бастамаларға белсенді қатысуға шақырды.

Білім беру саласы өкілдерінің пікірінше, бұл үрдіс жас ұрпақтың әлеуметтік жауапкершілігін арттырып, мектеп бітіру мәдениетінің мазмұнын өзгертіп келеді. Қарапайым форматтағы кештер бір жағынан қаржылық қысымды азайтса, екінші жағынан жастарды қоғамға пайдалы іс жасауға ынталандырады.

Осылайша, Астана түлектері үшін мектеппен қоштасу тек мерекелік шара ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен азаматтық жауапкершілікті дәріптейтін маңызды қадамға айналып отыр.

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...