Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті

2025 жылғы 1 мамырда Астана қаласында Cardiff University Kazakhstan филиалының ашық есік күні өтті. Іс-шараға шетелде білім алуға ниетті жастар мен олардың ата-аналары қатысты.

Аталған шара – әлемдік деңгейдегі университеттің Қазақстанда ресми түрде қызметін бастағанын білдіретін маңызды оқиға. Қатысушылар оқу орнының ерекшеліктерімен танысып, оқуға түсу шарттары, бағдарламалар мен болашақ мүмкіндіктер туралы толық ақпарат алды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша:

«Cardiff University Kazakhstan филиалының ашылуы – Қазақстан жастарына Ұлыбритания сапасындағы білімді өз елінде алу мүмкіндігін береді. Бұл – еліміздің жоғары білім жүйесінің интернационалдану жолындағы маңызды қадамы».

Cardiff University – әлем мойындаған жоғары оқу орны:

* Әлемдік QS рейтингі бойынша 186-орын;

* «Бизнес және менеджмент» бағыты бойынша – Ұлыбританияда 1-орын;

* Білім беру, инженерия және геология саласында – әлемнің ТОП-150 қатарына енеді;

* Британдық түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша – 12-орын.

Астанадағы филиалдың артықшылықтары:

* Оқу толықтай ағылшын тілінде жүргізіледі;

* Ұлыбританиядан шақырылған білікті профессорлар дәріс оқиды;

* Түлектерге Cardiff University дипломы табысталады, ол – халықаралық деңгейде мойындалған және аталған университет Ұлыбританияның ең беделді оқу орындары кіретін Рассел тобының мүшесі.

Жоғары білім саласына Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл салада жүргізіліп жатқан әрбір қадам Мемлекет басшысының стратегиялық бағдарымен тығыз байланысты және ел басшылығының жіті бақылауында.

OTBASY FEST — ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫН ДӘРІПТЕГЕН МЕРЕКЕ

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Триатлон саябағында отбасы...

Курс молодого бойца

С 31 АВГУСТА ПО 20 СЕНТЯБРЯ 370 КУРСАНТОВ, ПОСТУПИВШИХ...

Алматы мен Астана Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшылықты сақтап қалуға дайын

Алматы ұзақ уақыт бойы Қазақстанның саяси және коммерциялық функцияларын...

Алматы и Астана сохранят экономическое лидерство в Центральной Азии

Алматы долгое время объединял политические и коммерческие функции Казахстана...

АСЫЛХАННЫҢ АСУЛАРЫ

«Биссмила» деп бастадым сөздің басын,Мұсылманның ұрпағы біз болғасын.«Дін –ұлттың...