Астана қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде спорттық іс-шаралар өтті

Астана қаласы бойынша №3 түзеу мекемесінде мекеме психологтарының ұйымдастыруымен спорттық іс-шаралар өткізілді. Бұл шаралардың басты мақсаты — сотталғандарды салауатты өмір салтына баулу және дене белсенділігіне ынталандыру.

Іс-шара барысында қатысушылар әртүрлі спорт түрлеріне қатысып, дене шынықтырумен айналысу арқылы денсаулығын нығайтуға мүмкіндік алды. Спорт адамның жеке қасиеттерін дамытып, ұжымда жұмыс істеу қабілетін арттырады. Сонымен қатар, спортпен шұғылдану психологиялық күйді жақсартып, күйзелісті жеңуге көмектеседі.

Мұндай іс-шаралар сотталғандардың әлеуметтенуіне оң әсер етіп, оларды қоғамға бейімдейді. “Бас бостандығынан айырылған азаматтар спорт арқылы өз қабілетін танытып, командада жұмыс істеуді үйренеді”, – деп атап өтті тәрбие жөніндегі бастығның орынбасары әділет майорыМақсат Шакирулы.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...