Төлеби ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған ерекше қажеттілігі бар бала тәрбиелеп отырған ана демеушілерге ризашылығын білдіріп көзіне жас алды.
Түркістан облысында Төлеби және Отырар аудының пробация қызметін қызметкерлері қасиетті Рамазан айында көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себетін таратуда. Жыл басынан бері пробация есебінде тұратын сотталғандарға әртүрлі көмек түрлері көрсетіліп келеді. Енді «Жомарт жандар» марофоны аясында тағы да әлеуметтік аз қамтылған отбасыға азық-түлік себетін берді.
Қасиетті Рамазан айында жаны жомарт азаматтардың демеушілігімен Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған аз қамтамлған отбасында мүгедек баланы тәрбиелеп отырған және бас бостандығынан айыру орындарынан босап, қоғамға етене араласып кете қоймаған 10 отбасыға да азық-түлік таратылып, жүректеріне жылу сыйлады. Ал, Отырар ауданыда екі отбасыға азық-түлік себебті берілді.
Атын атамауды сұранған бүгінгінің Атымтай Жомарты бұндай қайырымды іс адамзат баласының бір-біріне мейірімін оятып, қамкөңіл жандардың көңілін сергіткенінің өзі сауап дейді.
Төлеби аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және аудандық пробация қызметі бөлімі абзал азаматқа көпшілік атынан рахмет айтып, деніне саулық, ісіне береке тілеп, әр қашан абырой биігінен көріне беруіңізді тілейді.
Қасиетті Рамазан айында он отбасыға азық-түлік себетін таратуды бастадық. Азық-түлік жиынтықтарын жағдайы төмен отбасылар алады, олардың арасында ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек жандар, зейнеткерлер, жетім балалар, көпбалалы аналар және ьағы басқалар бар. Азық-түлік жиынтығында күнделікті қолданыста ең қажетті тауарларды жинақтадық. Атап өтер болсақ, май, ұн, күріш, жарма, қарақұмық, қант, шай, томат пастасы. Бір азық-түлік себетінің салмағы – шамамен 20-25 килограмм. Есептегі азаматтар болған соң, бәрінің жағдайы алақандағыдай белгілі. Сол себепті үнемі азық-түлік таратып, әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп келеміз. Сонымен қатар, пробация қызметінің негізгі мақсаты , қайта қылмыстың алдын алу, есепте тұрған азаматтарды қайта қоғамға бейімдеу болып табылады, – деді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны Дәурен Смаилов.
Қайырымдылық қызметті жүзеге асыруға кәсіпкерлер, ірі ұйымдар, еріктілер және аудан тұрғындары көмек көрсетеді екен. «Сауабы мол іс жасау қашанда маңызды. Мұндай игі бастамалар көбейе береді деп үміттенеміз. Қайырымдылық шаралары кез келген адамның жүрегіне жылу сыйлайды»,- деді Отырар ааудандық ПҚБ-нің инспекторы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Қасымов.
Азық-түлік себетін алғандардың бірі – Ақжарқын ерекше қажеттіліктері бар баланың анасы. Бұл ана да өз кезегінде демеушілерге алғысын білдіріп көзіне жас алды.
— Қазақта «жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деп бекер айтпаса керек. Мен өзімнің жасаған қателігіме қатты өкінемін. Жалғыс басты анаға ерекше күтімді талап ететін баланы бағу оңай емес. Ана не істесе де бәрін балалары үшін жасайды. Ал, қайрымдылық шарасына келер болсақ, жыл сайын осындай азық-түлік алып тұрамыз. Бұл бізге үлкен жәрдем. Себетте қажетті тамақ өнімдерінің бәрі бар. Бізді назардан тыс қалдырмай, қасиетті Рамазан айында осындай көмек көрсеткендеріңіз үшін алғысым шексіз. Елімізде тек бейбітшілік болсын! Демеушілерге, Төлеби аудандық пробация қызметіне, аудандық жұмыспен қамту орталығына рақметімді айтамын!» — деп бөлісті Ақжарқын.
Өз кезегінде себет алушы пробация есебінде тұратын Дарын есімді азамат ұйымдастырушыларға, пробация қызметінің қызметкерлеріне және қайырымдылық акциясына қатысқан жаны жомарт жандарға алғыстарын білдірді.
Адам өміріндегі ең игі істердің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беріп, мейірімділік таныту арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады. Қастиетті Рамазан айында жасалған қайрымдылық көмектің сауабы да мол.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы