Қазіргі қоғамда жемқорлық мәселесі – көптеген елдер үшін өзеткі мәселелердің бірі. Бұл қоғамның дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, мемлекеттік институттардың тиімділігін төмендетіп, халықтың сенімін жоғалтады. Осыған орай, жемқорлықпен күресудің маңызды құралдарының бірі – ашықтық.
Ашықтық қоғамда әділдікті, заңның үстемдігін, мемлекетке деген сенімділікті қалыптастырады, бұл өз кезегінде жемқорлыққа қарсы тұруға күш береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру — тұлғаның адамгершілік,
зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты
қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында
жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі. Мемлекеттік
қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық
бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен
қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер
ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа
немқұрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының
қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ,
кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң
талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың
тамырын тереңдете түседі.
Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде
«Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі
қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
қолданысқа енгізілген. Бұл Жарлық еліміздегі құқық қорғау органдары
қызметтерін жетілдіруге бағыттала отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттермен олардың пайда болуының алдын-алуда жүйелі, әрі тұрақты
шаралар атқаруды қамтамасыз етеді. Кез-келген өркениетті қоғам үшін
сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен
жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер
әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының
мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы
зұлымдықпен күресу болып табылады.