12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ашықтық жемқорлықтың жолын кесті

Сыбайлас жемқорлық адам құқықтарының сақталуына тікелей әсер етеді және оның екі маңызды себебі бар.Бір жағынан, сыбайлас жемқорлық қоғамды негізгі денсаулық сақтау, білім беру, инфрақұрылым немесе қауіпсіздік сияқ­ты маңызды ресурстардан айырады.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша, сыбайлас жемқорлық шығындары әртүрлі нысандарда әлемдік жалпы ішкі өнімнің 5%-дан астамын құрайды.Екінші жағынан, сыбайлас жемқорлық жалпы мемлекеттік институттардың жұмысына, оның ішінде сот төрелігін жүзеге асыру жүйесіне тікелей кері әсерін тигізеді.Сыбайлас жемқорлық – халықтың сотқа деген сеніміне нұқсан келтіреді, сот жүйесін адам құқықтарын қорғауға кепілдік беру мүмкіндігінен айырады, судьялардың, адвокаттардың және құқық қорғау органдарының басқа да өкілдерінің өз міндеттерін орындауына әсер етеді.
Сыбайлас жемқорлық сот төрелігін жүзеге асыруды бұзады, әділ сот ісін жүргізу құқығын жүзеге асыруға елеулі кедергілер жасайды және халықтың сотқа деген сенімін айтарлықтай төмендетеді. Сондықтан сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру және жолын кесу сот қызметінің басым бағыттарының бірі. Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты қоғамның сұраныстарына қарай, ұлттық практика мен озық шетелдік тәжірибені сараптай келе, ұдайы жетілдіріліп отырады.Бірқатар қолжеткізілген нәтижелер де бар.Олар:судьяларды іріктеу және бағалау жүйесінің жақсартылуы. Облыстық және оларға теңестірілген соттарда судьяның әдебі жөніндегі комиссияның жұмыс істеуі, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің құрылуы соның дәлелі. «Татулас­тырушы судья» лауазымы енгізілді, бұл соттағы жүктемені үш есе азайтты, істердің жартысына жуығы татуласумен аяқталуда, тараптар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтып, дауды өздері шешуде. Сот процестері онлайн-режимге ауыстырылды. Істерді автоматты бөлу алгоритмінде айла-шарғы жасау мүмкіндігі жойылды. 2022 жылғы 2 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2022–2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Тұжырымдаманың маңызды нысаналы индикаторларының бірі «Smart-сот» жобасы. Ол бойынша виртуалды сотта қаралған істердің үлесін одан әрі ұлғайту, сот ісін жүргізуде жасанды интеллектті енгізу (цифрлық талдама) бөлігін дамыту болып табылады. Электронды сот төрелігі – біздің басымдығымыз. Соттардың қызметіне ақпараттық технологияларды енгізу бойынша алғашқы қадамдар 2006–2007 жылдары жасалды. Біртіндеп әділет органдарының Бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесі әзірленіп, сынақтан өтіп, Қазақстанның барлық соттарында енгізілді. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды қоғамның сұранысына сәйкес келетін жаңа қызметтерді – мобильді, интерактивті пайдалануды енгізуді талап етеді. Сондықтан, бүгінгі күні Жоғарғы Сот заманауи бағдарламалық өнімдерді сот өндірісіне енгізу және ақпараттық технологиялар арқылы Қазақстан халқына ақпараттық қызметтердің санын арттыру бойынша маңызды шаралар қабылдауда.
Жоғарғы Соттың интернет-ресурсы республиканың барлық соттарының және сот жүйесінің қызметін жан-жақты көрсететін біртұтас қуатты ақпараттық сервис болып табылады. Барлық IT құрамдастары негізделген негізгі ақпараттық жүйе – «Төрелік» бағдарламасы болып табылады. Ол, атап айтқанда, сот ісін жүргізуді оңтайландыруға және автоматтандыруға, статистикалық және аналитикалық деректерді қалыптас­тыруға және т.б. «Төрелік» жүйесінің маңызды өнімдерінің бірі – «Сот кабинеті» электронды сервисі. Сот процесіне қатысушыларға жедел хабарлау үшін SMS хабарламалар жіберіледі. Оның үстіне, «Мобильді сот кабинеті» жаңа сервисі де азаматтардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейтті.
«Сот кабинеті» ақпаратты уақытылы беру, құжаттардың жоғалуы, соттың жұмыс кестесінің ыңғайсыздығы, кезек күту, арыздарды қабылдаудан бастарту және т.б. мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Тағы бір маңызды қадам – соттарда дыбыс-бейне жазба жүйесін іске асыру болды. Бүгінгі таңда Жоғарғы Соттың да, еліміздің барлық соттарының да мәжіліс залы сот отырыстарын дыбыс-бейне жазбаға түсіру жүйесімен жабдықталған.
Сонымен қатар, Жоғарғы Сот төрағасының өкіміне сәйкес 2018 жылдың наурыз айынан бастап соттарға оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізуді электронды форматта қарау тапсырылды.Жазбаша өндіріске ұқсас бұл жаңалық талап арызды беру және тіркеу кезеңінен бастап заңды күшіне енген сот актісін орындауға жіберуге дейінгі электронды сот ісін жүргізуді енгізу еді. Қазіргі уақытта тараптардың шақыруымен жалпы белгіленген тәртіпте қаралатын қағаз түріндегі істер әлі де қалыптасуда. Бірақ құжат айналымының бұл бөлігі ақырында толығымен электронды форматқа өтеді.
Жалпы, электронды сот төрелігі сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, оның тиімділігін, қолжетімділігін және ашықтығын арттыруға бағытталған. Сайып келгенде, мұның барлығы еліміздің сот жүйесіне деген халықтың сенімін арттырудың кепілі.

Г.Сагынбекова,
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...