Ашықтық – әділдік кепілі

Заң мен тәртіп әділетті қоғамның негізгі өлшемі. Сондықтан, заң алдында барлық адам тең, ешкімге артықшылық берілмейді. Сот процестерінің ашықтығы мен жариялылығы арқылы азаматтар сот жұмысынан хабардар болады. Қазақстанда азаматтар сот процесіне қатыса алады. Яғни,  сот төрелігі  қолжетімді. Бұл өз кезегінде сот төрелігі сапасының артуына кепіл болады. 

Соттардың ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуде цифрлы технологиялардың ықпалы зор. Сотқа түскен істер арнайы жүйе арқылы бөлінеді. Бұл жерде ешкімнің таңдау құқығына жол берілмейді. Озық технологиялар халықтың сотқа деген сенімін арттыруда тиімді тетікке айналып отыр. Елімізде сот процестері ашық өтіп, сот талқылауы жариялы түрде жүргізіледі. «Төрелік» ақпараттық жүйесі арқылы сотта қаралатын істер бақыланады, «Сот кабинеті» сот органдарының онлайн қызметіне қолжетімділікті арттырып отыр. Жаңа технологиялар сот төрелігін іске асырудың барлық кезеңін, яғни, сотқа құжат тапсырудан, соттың шешімі мен атқару парағын қолына алған уақытқа дейін қамтиды.

Ашықтыққа орай айтар болсақ, Азаматтық процестік кодекстің 19-бабымен сот талқылауының жариялылығы бекітілген. Азаматтық істер барлық сот сатысында ашық талқыланып, сот актілері жария түрде хабарланады. Бұл норма тек қана жабық сот отырысындазаң талабына сай жүзеге асырылады. Мысалы, жабық сот отырысында сотта мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар, сондай-ақ, бала асырап алу туралы істер қарап, шешіледі. Бұдан әрі нақтыласақ, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау қажеттілігі туса, сондай-ақ, ашық талқылауға кедергі келтіретін мән-жайлар болса, осы кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда іске қатысатын адамның өтінішхаты немесе соттың бастамасымен жабық сот отырысында азаматтық іс қаралуы және шешілуі мүмкін.

  Тағы бір айтып өтерлігі, жеке хат жазысулар мен хабарлар өзара хат жазысқан және оған қатысты адамдардың келісімімен ғана ашық сот отырысында жарияланады. Мұндай келісім болмаса олар жабық сот отырысында зерттеліп, жария етіледі. Бұл қағидалар жеке сипаттағы мәліметтері бар дыбыс, бейне жазбалар, суретке және киноға түсіру материалдары мен электрондық, цифрлық, өзге де жеткізгіштердегі  материалдарды зерттеуде қолданылады.

  Жабық сот отырысына іске қатысатын адамдар мен өкілдері, керек болса куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар қатысады, оларға осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық туралы ескертіледі. Он алты жасқа толмаса және оның іске ешқандай қатысы болмас сот залына жіберілмейді. Істі жабық сот отырысында талқылауда АПК-да белгіленген қағидалар толық сақталады. 

  19-баптың 7-бөлігімен көрсетілгендей, ашық сот отырысында іске қатысушылар мен өзге де адамдар, БАҚ өкілдері сот отырысында дыбыс жазу, т.б. құралдарды пайдалануға құқылы. Процесс барысын бейне жазбаға, суретке, т.б. түсіруге, телетрансляция жүргізуге соттың рұқсатымен іске қатысушылардың пікірлері ескеріле отырып жол беріледі. Мұндай әрекеттерБұл әрекеттер сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуі тиіс.

Республикалық соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету уақыт талабына сай жетілдіріле берері анық. Ашықтық пен жариялылық азаматтардың жүйеге деген сенімін нығайтады.

Аян Бибатыров,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Почему Казахстану необходима реформа системы обязательного автострахования

Ежегодно в Казахстане происходят десятки тысяч дорожно-транспортных происшествий. Однако...

Тарихты тану жеткіліксіз…

Ол кезде 8-сыныптың оқушысы едім. Ұстаздарымыз бір топ оқушыны...

Аумақтан тыс соттылық – сот төрелігінің қолжетімділігіне бағытталған маңызды қадам

Соңғы жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту бағытында бірқатар маңызды...

2025-2026 театр маусымында еліміздегі қойылымдарды 2,8 миллионнан астам көрермен тамашалады

2025-2026 жылғы театр маусымы еліміздің театрлары үшін табысты аяқталды....

Қазақстан сары май мен күнбағыс майы өндірісін арттырып, сыртқы нарықтағы экспорттық әлеуетін нығайтуда

2026 жылғы қаңтар–сәуір айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда сары май...