12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Арыстан» лицейінде курсантарға барлық жағдай жасалған

Қазақ әскерінің элиталы өкілдерін дайындайтын «Арыстан» мамандандырылған лицейі биыл өз түлектерінің 12 буынын қанаттандырды.

Бұл лицейде еліміздің әр өңірінен келген 240 оқушы білім алады. Ойы озық, жігерлі жастарды іріктейтін оқу ордасынан биыл 80 курсант үлкен өмірге қанат қақпақ.

Мерекелік іс-шара түлектердің сапқа тұрып, лицейдің туын алып кіру рәсімінен басталды. Тудың өзі оқу орнының беделін, даңқын, оқу ордасының дәстүрлерін, әсіресе білім беру мекемесінің әскери дайындық бағытында білім беретінін айғақтайды.

«Арыстан» лицейі курсанттардың интернатта жатуы, тегін білім алуы мен оқуға қажетті керек-жарақтың барлығымен қамтамасыз етуді өзінің әлеуметтік мақсаты деп таниды. Сондықтан оқуға қабылдау кезінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды қабылдауға басымдық береді.

«Осы киелі шаңырақтың түлегі болғанымды мақтан тұрамын. Себебі мұнда тек білімді, белсенді оқушылар қабылданады. Осы лицейге түсу  бірнеше жыл дайындалдым. Бұл лицей туралы интернеттен көрдім. Әскери білім ордаларының ішіндегі ең беделдісі екенін білген соң бірден білімімді шыңдай бастадым. Бұл оқу орынында жүріп еліме, жеріме, Отаныма деген патриоттық сезімді терең бойыма сіңірдім. Осындай алған білімімнің арқасында еліміздің дамуына үлес қосамын деп ойлаймын«, – дейді «SOS Алматы балалар қалашығының» тәрбиеленушісі.

«Арыстан» лицейі жоғары халықаралық талаптарға сай келетін, беделді білім ордасы. Жыл сайын лицейге түсу үшін 1 орынға 10-12 оқушы бақ сынайды. Олардың ішінде білім мен денсаулық жағынан тапсырылатын көп сатылы сынақтардан сүрінбей өткендері ғана оқуға қабылданады.

«Халық» қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеевтің айтуынша, лицей құрылғалы бері 900-ден аса түлек ұшып шықты. Биыл 80 курсант үлкен өмірге жолдама алды.

«Халық» қайырымдылық қорының басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білімді баларды іріктеп, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау. Курсанттар интернатта жатып тегін білім алады. Олар барлық керек-жарақпен қамтамасыз етіледі. Лицейдің қабырғасынан ұшқан түлектердің еліміздің беделді жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруының өзі білім ордасының сапа көрсеткішін білдіреді. Бүгінде түлектердің кейбірі Ішкі істер министрлігінде, Ұлттық ұлан қатарында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрамында, Шекара қызметінде, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметі сияқты әртүрлі күш құрылымдарда қызмет етуде», – деді «Халық» қайырымдылық қорының директоры.

Түлектерге арналған салтанатты жиында лицей бастығы – генерал-лейтенант Мұрат Жәлелұлы Майкеев оқу жылын қорытындылады. Түлектерді құттықтап,  аттестат, төсбелгілер мен сыйлықтар табыстады.

Айта кетейік, «Халық» қайырымдылық қорының басты мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан білімді баларды іріктеп, олардың сапалы білім алуына жағдай жасау.

Қордың үнемі қолдау білдіретін оқу орындарының бірі, осы «Арыстан» лицейі.

 2024 жылы «Халық» қайырымдылық қоры «NNEF» қоғамдық қорына қолдау көрсеткен. Қаражат «Арыстан» мамандандырылған лицейіне бағытталған.

Аталған оқу орнын құру идеясы 2011 жылы педагогика ғылымдарының докторы Динара Нұрсұлтанқызы Құлыбаеваның жетекшілігімен жобаның бас құрылтайшыларының бірі және лицейдің Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Асқарұлы Құлыбаевтың атсалысумен құрылған.

ИСКОРЕНИТЬ СОЦИАЛЬНОЕ ИЖДИВЕНЧЕСТВО

Выступая на первом форум работников сельского хозяйства, Глава государства...

Перспективный туристический хаб

Шымкент – крупнейший город Казахстана, который стремительно развивается и...

Киберзавры против кибер-мошенников

В Шымкенте стартоал образовательный проект «Киберзары», направленный на повышение...

Книги на автобусных остановках

Современный мир становится все более цифровым. И это касается не...

Предупрежден, значит, вооружен!

С каждым днем мошенники придумывают все новые cхемы обмана с использованием...