Арыстағы жарылысқа кінәлілер 97 миллиард теңге өтейтін болды

Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс салдарынан келген шығынды 16 адам өтейді. Бұл туралы Астана қаласының Есіл аудандық соты мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында оқ-дәрілердің жарылуы салдарынан келтірілген шығынды өтеуді талап етіп, сотқа арыз берген.

Сотталушылар қызмет барысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқ-дәрілерді сақтау, сату және кәдеге жарату, техникалық бақылауға жауапты болған бұрынғы әскери қызметшілер.  Сотталушының бірі — өрт және күзет дабылын орнатқан ЖШС басшысы.

«Барлық сотталушылардың оқ-дәрілердің жарылуына кінәсі Шымкент гарнизоны әскери сотының 2019 жылғы 24 маусымдағы заңды күшіне енген үкімімен анықталды.  Сол үкім бойынша Қорғаныс министрлігі мүліктік талаптарды қанағаттандыруға құқылы болды.

Талапкердің талабы жарылыс салдарынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, 44859-әскери бөлімнің, 16752-әскери бөлімнің, 74884-әскери бөлімнің теңгеріміндегі ғимараттарды, құрылыстарды, инфрақұрылымды бұзу, оқ-дәрілерді жою түрінде мемлекетке мүліктік залал келтірілгендігімен негізделген», — делінген хабарламада.

Сот-медициналық сараптама жалпы шығын сомасы 96 37328657 теңге болғанын анықтады.

Сот талап арызды қанағаттандыру туралы шешім қабылдады.  Оның шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сот отырысын ұйымдастырудың маңызы мен тәртібі

Сот төрелігін жүзеге асыру – кез келген құқықтықмемлекет жағдайында...

INTEGRA CITY представляет AI-технологии для экосистемы цифрового управления городами на GITEX Africa 2026

Международная группа компаний INTEGRA CITY принимает участие в выставке...

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...