1-қазан Халықаралық қарттар күні. Бұл күн еліміздің дамуына өзіндік үлес қосқан егде жастағы қарт кісілерге ерекше назар аударып, сый- сыяпатқа,қуанышқа бөлейтін күн.
Осыған орай , қылмыстық-атқару саласына қарасты Қызылорда облысындағы 68 мемлекеттік мекемесінің жеке қүрам қызметкерлері ата-анасына құрмет көрсетті.
Олар қиындығы басым қауырт жұмыс күндерінде, уақыт тауып, өздеріне өмір сыйлап,бағып,тәрбиелеп өсірген ата- аналарына барып, мерекелерімен құттықтдады.
Соның бірі, мекеменің РжКБ- нің бақылаушысы,әділет аға сержанты Қазбеков Берік пен Арнайы есеп бөлімінің есеп технигі Ахметова Әйгерім екеуі жыл сайын бұл күні отбасының қазынасы қарт анасы
Палманова Татьяна Кушекбаевнаға гүл сыйлап,мерекесімен және туған күнімен құттықтап,көңліне қуаныш сыйлады. Менің бүгінгі қызмет атқарып, бақытты өмір сүруім, ата- анамның берген өнегелі тәлім- тәрбиесінің жемісі. Анам ерінбей есепші болып табанды еңбек ете жүріп, бізді бақты,қақты тәрбиеледі,өсірді, жеткізді.
Тіптен, бүгінгі күндері Әйгерім екеуміздің ерте кетіп, кеш келуіміз,қызметімізге алаңсыз беріліп, жұмыс жасауымыз анамның арқасында. Өйткені, үйдегі үш ұлымды қарап,ас- суымызды дайындап отыратын жанашыр жан бар. Сол үшінде алдында басымды иіп , алғысымды айтамын. Жақсы іс- әрекетіммен анамның еңбегін ақтауға тиіспін. Жыл сайын қарттар күнімен қатар келетін туған күнінде міндетті түрде гүл сыйлаймын.
Қуанышқа бөлегім келеді. Қарттар біздің қазынамыз. Қадірін біліп бағалап,мерейін асыруды өзімнің перзенттік парызым деп санаймын- дейді, әділет аға сержанты.
Осындай ойдағы жас маман, қатардағы Қадырбекқызы Нұрзия да өз әке- шешесін құттықтап барып қайтты. Меің ата-анам 9 баланы дүниге әкелген, соның кенжесімін. Ата-анам мен үшін арқа сүйер асқар тауым . Адал еңбектерімен бәрімізді оқытып, жеткізді. Олар біздің жердегі жұмағымыз. Сондықтан ата-анамның көңлін тауып, алғысына бөленгім келеді. Өзімнің замандастарымды бұл күні, үйіндегі қария кісілерге, ата — аналарына құрмет көрсетуге шақырамын.