Арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғыны көлiк құралына  рұқсатсыз орнатқаны үшін айыппұл салынды

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБК-нің 603 бабы 2 бөлігі (Арнайы жарық сигналдарын беруге арналған құрылғыларды көлiк құралына тиiстi рұқсатсыз орнату)  бойынша  азамат А-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғаны, азамат А. 20.02.2025 жылы  Өскемен қаласында 21 сағат 00 минутта Қ.Сатпаев даңғылымен жүріп, «Changan UNI-V»     маркалы көдлік құралын басқара отырып, 077ZOR16 мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін тиісті рұқсатсыз арнайы жарық сигналдарын орнатқанын  анықтады.

Өз іс-әрекеттерін азамат А. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы  30 маусымдағы №534 қаулысымен беітілген  Жол  жүрісі қағидаларының 3,15 тармағының талаптарын бұзған.

Сот отырысында азамат А. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады және жарнама мақсатында  автомобильге строб шамдарын орнатқанын түсіндірді.

Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары  азамат А-ның түсініктемелерінен басқа әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция  қызметкерінің баянатымен, фотосуреттермен, бейнежазбалармен және істің басқа да материалдарымен расталды.

18 сәуір 2025 жылы сот қаулысымен  А. әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  603 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған  20 АЕК мөлшерінде, жеңілдететін мән-жайды ескере отырып,  айыппұл мөлшерін 30 пайызға төмендетіп,  68810  теңге көлемінде  мемлекет пайдасына әкімшілік айыппұл салынды.

 Қаулы заңды күшіне енген кезде Өскемен  қаласы полиция басқармасының сақтау камерасында  сақталатын «Barki Auto» маркалы алдыңғы әйнектің  Страбоскопы-  құрылғысы жойылуға жатады.

Соттың қаулысы заңды күшіне енді.

Өскемен қаласының

әкімшілік құқық бұзушылықтар

жөніндегі мамандандырылған сотының

баспасөз қызметі

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...