Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы бойынша Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевке үкім шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Барлық сот отырысы, үкім оқылатын сәт жабық режимде өткізілді.

Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына байланысты 7 мамырда Алматыда полиция Дикий Арман лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті қамауға алған еді. Ол Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында қамауда отырды.

Кейінірек Дикий Арман 24 адамды күшпен ұстағаны айтылды.

Қазақ-қытай инвестициялық форумын жыл сайын өткізу ұсынылды 

Мемлекет басшысы Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс екенін айтты. 

Қазақстан Халық Кеңесі мүшелері қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсетеді 

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері Каспий теңізінің жағалауында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 815 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді.

Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері жарияланды 

Қорғаныс министрлігі бүгін Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапқан әскери қызметшілердің толық тізімін жариялады.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды 

25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.