12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Арест шешудің өз талабы бар

Конституция, өзге де ел заңдарымен айқындалғандай, азаматтар өздерінің дүние-мүліктеріне билік етіп, құқықтарын сот арқылы қорғай алады. Жылжитын, жылжымайтын мүлікке, есепшотқа, т.б. тыйым салу құқықты шектейді. Сондықтан, жеке және заңды тұлғалардың  өз құқықтарына келтірілген кез келген нұқсанды, бұл бұзушылықтар иеліктен айырумен байланысты болмаса да жоюды талап ету құқығы бар.

Аресті сот, сот орындаушысы, анықтау, алдын ала тергеу органдары, кейде Қаржы министрлігінің салық комитеті (салық берешегін өтемеген жағдайда) белгілей алады. Сақтауға берілген мүліктің иесі оның сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Тәркіленген мүлікпен мәмілелер тыйым салу жойылған кезде ғана мүмкін болады.

Жылжитын және жылжымайтын мүлік, төлем картасы, есеп шоттың бұғатталуына  көп жағдайда қарыз себеп болады. Мысалы, сот шешімімен міндеттелген несие қарызын, айыппұл төлемеу, басқа да шығындарды өтемеу,  алимент бойынша міндеттемелерін орындамау, уақытымен салықтан жалтарудың соңы бұғаттау шараларына әкеледі.

Банк шотының арестке қойылуы адамның немесе ұйымның қаржылық операцияларын жүзеге асыру еркіндігін уақытша тоқтататындықтан,  одан  қаражат шешу, аудару немесе пайдалану мүмкін болмайды. Шектеулер шоттағы барлық соманы немесе оның бір бөлігін қамтуы мүмкін. Арест туралы шешім банктен жеке тұлғаға немесе ұйымға хабарланады. Егер арест заңсыз салынған деп есептелсе, сотқа шағым түсіруге болады.

Жылжымайтын мүлікке арест сотпен қойылса оны шешу үшін істі қараған судьяның атына жазбаша арыз бен  сот шешiмiнiң орындалғаны туралы дәлелдемелер қоса берiледі. Осы тұста айтып өтерлігі, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 161-бабына сәйкес, азаматтық талапкер немесе прокурор қойған азаматтық талапты қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүліктің құны талап қою бағасынан аспауы керек.

Егер аресті сот азаматтық іс бойынша тағайындаса, Азаматтық процестік кодекстің 160-бабына сәйкес, арест қою туралы талап арызды  қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым, сондай-ақ, іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым заңды күшіне енген және талап арызды  қайтару туралы шешім қабылданған кезде тоқатылады. Сотқа жүгінуші ұйғарым шығарылған соң апелляциялық инстанцияға шағымдана алады. Мәселен, мүлікке салынған бұғатты алып тастау туралы шешім қабылданған кезде сот ұйғарымының негізінде жасалған атқару парағы сот орындаушысына жолданады.

Аресті сот орындаушысы қойған жағдайда оның күшін жою туралы қаулы тиісті мемлекеттік органға жіберіледі. Сот орындаушысы аресті екі жағдайда, атап айтқанда, соттың мүлiкке тыйым салу туралы қаулысын және  борышкерден мүлікті немесе ақшаны өндіріп алу туралы сот шешімін орындау кезінде қояды. Сондықтан, алдымен қарызды заң шеңберінде өтеп, бұдан кейін арест қойған сот орындаушысына хабарлау қажет. Сот орындаушысы қаулыны тиісті органға жіберіп, ауыртпалықтың тоқтатылуын тіркейді содан кейін тыйым алынады. Аресті алып тастау және өндіріп алуды тоқтату сот шешімінің міндеттемелерін орындауды талап етеді.

Алма Абдухалыкова,

Түрксіб аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Профилактические работы в сфере законодательства о государственной службе

Сегодня руководителем Департамента Агентства по делам государственной службы по...

Ана тілінен айырылған ұлт — тарихынан айырылған ұлт

Қазақстан Республикасындағы титулды ұлт қазақ халқының ана тілі-қазақ тілі...

Бірқатар мамандар марапатталды

Жақында ғана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі еңбек иелеріне...

Президент сөзі – бар салаға бағдар

Жыл сайын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдарына...

Cәбиге мейірімін төккен неоанатолог дәрігер марапатталды!

Бірнеше апта бұрын әлеуметтік желіде тараған бейнекөрініс жұртшылықтың жүрегін...