Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері мен Ардагерлер кеңесінің төрағасы аға әріптестері мен тәлімгерлеріне зор денсаулық, амандық тілеп, сыйлықтар табыс етті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №21 мекемесінің қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасымен бірге ішкі істер органдарының ардагерлері мен зейнеткерлерін, Ұлы Отан соғысының тыл еңбеккерлерін Халықаралық Қарттар күнімен құттықтады.
№21 мекеме тiзiмiнде барлығы 150ге жуық IIO зейнеткерi бар. Олардың ішінде өмірлік тәжірибесі мен даналығын сақтаған ардагерлердің орны бөлек. Бұл зейнеткерлердің ішінде 70 жастан асқан 12 адам және 5 тыл ардагері бар. Олардың әрқайсысы еліміздің тарихында айрықша орын алады.
№21 мекемесі қызметкерлерiнiң айтуынша, 1 қазан – аға буынның жасын еске түсіру емес, қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу күні, қамқорлық пен қолдау көрсетудің тағы бір себебі екенін айтады.Әр ардагердің өмір жолы – тарих беттеріндегі қымбат мұра. Осы ардагерлерді құрметтеп, олардың ерлігі мен еңбегін еске алып отыру – біздің борышымыз.

Дәстүр бойынша мереке қарсаңында мекеме қызметкерлері ардагерлерге арнайы барып, сый-сияпат жасап, жүрек жылуын сыйлайды. Барлығына зор денсаулық, тамаша көңіл-күй, жігер мен көтеріңкі көңіл-күй тіледік.

№68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жедел кеңес өткізілді. Жиынға...

Медициналық көмекті ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінде жазасын өтеушілерге медициналық көмекті...

Сотталған әйелдерге құқықтық қолдау көрсету және қайта әлеуметтендіру

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясында әлеуметтік бейімдеу және...

КӨШПЕНДІЛЕР РУХЫ – СПОРТТА

Абай облысы бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде VI Дүниежүзілік көшпенділер...

Жеке сот орындаушыларының іс –әрекетін даулау

Талап қоюды беру тәртібі мен мерзімі Сот орындаушыларының әрекетін (әрекетсіздігін)...