12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

АРДАГЕРЛЕР – МЕМЛЕКЕТ ҚАМҚОРЛЫҒЫНДА

ЕЛІМІЗДЕ ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАТЫН АРДЕГЕРЛЕРДІҢ ЖАҢА САНАТЫ ПАЙДА БОЛУЫ МҮМКІН. НАҚТЫЛАП АЙТАТЫН БОЛСАҚ, АРДАГЕРЛЕР ҚАТАРЫНА АУҒАН ЖАУЫНГЕРЛЕРІМЕН БІРГЕ 1992 ЖЫЛДАН 2001 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕ ТӘЖІК-АУҒАН ШЕКАРАСЫНДА ТМД-НЫҢ СЫРТҚЫ ШЕКАРАСЫН КҮЗЕТУДІ КҮШЕЙТУГЕ, 1968 ЖЫЛЫ ЧЕХОСЛОВАКИЯДАҒЫ ЖАНЖАЛ МЕН ТАУЛЫ ҚАРАБАХТАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ ЖАНЖАЛДЫ РЕТТЕУГЕ, СОНДАЙ-АҚ, ИРАКТАҒЫ БІТІМГЕРШІЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫНА ҚАТЫСҚАН ҰЛТТЫҚ КОНТИНГЕНТ ҚОСЫЛМАҚ.

Бұл жөнінде Парламент Мәжілісінде бірінші оқылымда қабылданған «Ардагерлер туралы» заң жобасын қарау кезінде белгілі болды. Жаңа құжат бойынша баяндама жасаған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, оларға 4,8 айлық есептік көрсеткіш АЕК мөлшерінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады. Биыл мәселен, оның көлемі – 12 725 теңге болмақ. Егер аталмыш заң қабылданса бұл мүмкіндікке 11 мыңнан астам адам ие болды.
Заң жобасы соғыс және еңбек ардагерлерінің ҚР Парламентіне, Үкімет пен құзырлы орындарға жолдаған көптеген өтінішіне орай әзірленіпті. Құжат негізінде ардагерлердің әлеуметтік тұрғыда қорғалатын 5 санаты анықталып отыр. Біріншісі – Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Бұл санатқа Ұлы Отан соғысының қатысушылары және мүгедектері жатады. Екіншісі – басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері. Үшінші жеңілдіктер бойынша – Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар
санаты. Заң жобасына сәйкес оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген азаматтардың сегіз санаты, Ұлы Отан соғысының азаматтарына теңестірілген азаматтардың бес санаты кіреді. Төртіншісі – Социалистік Еңбек Ерлері, III дәрежелі Даңқ, III дәрежелі Еңбек даңқының иегерлері, Қазақстанның Еңбек Ері атағына ие болған тұлғалар, 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде 6 ай жұмыс істеген, әскери қызмет өткерген және Ұлы Отан соғысы жылдары тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендері және медальдарымен марапатталған адамдар. 1988 – 1989 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерінде 2,13 АЕК-тен (2020 жылы-5 647 теңге) 4,8 АЕК-ке дейін (2020 жылы -12 725 теңге) арттыру ұсынылды. Бұдан басқа, есептік көрсеткіш мөлшеріндегі арнайы әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Социалистік Еңбек Ерлері үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері қайта қаралмақ. Нұрымбетов мырзаның айтуынша, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдар үшін енгізілген 138,63 АЕК
мөлшеріндегі арнайы мемлекеттік жәрдемақы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған адамдар мен өткен жылдары елдің дамуына елеулі үлес қосқан Социалистік Еңбек Ерлерінің жәрдемақы мөлшеріне едәуір айырмашылық тудырды. Осы олқылықты жою мақсатында Социалистік Еңбек
Ерлері үшін жәрдемақы мөлшері көтерілмек. Құжатта ардагерлерге қатысты әлеуметтік қолдау шаралары тек қаржылық тұрғыдан емес, тұрғын үйге қатысты да қарастырылып отыр. Бұл орайда егер олар тұрғын үй заңына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж деп танылып, бұрын бірінші кезекте пәтер алу құқығын пайдаланбаған болса, жергілікті атқарушы ұйымдар оларды бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуі, жеке тұрғын үй салуы үшін бір рет бірінші кезекте жер учаскелерін, коммуналдық тұрғын үй қорының үйлеріндегі өзі тұрып жатқан үйлерді еліміздің тұрғын үй заңнамасында белгіленген тәртіппен меншігіне беруі, Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда оған берілген тұрғын үйді тегін алу құқығын отбасы мүшелеріне өткізуі көзделді. Сонымен қатар, құжат негізінде ардагерлердің протездер мен протез-ортопедия бұйымдарымен тегін қамтамасыз етілуі, олар жұмыс істеп жүрген кезінде тіркелген емханаларды зейнеткерлікке шыққаннан кейін пайдалану құқығы, кепілдік берілетін арнаулы қызметтерді бірінші кезекте алуы, оның ішінде арнаулы медициналық-психологиялық, әлеуметтік құқықтық сынды жалпы саны сегіз қызмет түрі бойынша жеңілдікті
пайдалану құқығы дәйектелді. Министрлік бұл шаралардың толыққанды жүзеге асуы үшін ардагерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, кәсіподақ ұйымдарымен бірлесіп жұмыс атқармақ. Депутаттар аталмыш жәрдемақылардың қашан, қалай берілетініне алаңдаушылық білдірді. Министрдің айтуынша, ардагерлер өтініш пен әскери комиссариаттан әскери қызметте болғанын растайтын анықтаманы тапсырған кезден бастап жәрдемақы тағайындалады. Қазіргі жағдайда қажет құжаттарды электронды үкімет порталындағы арнайы сервис арқылы өткізуге толық мүмкіндік бар. Мұны құптаған депутаттар ардагерлердің ендігі жерде бұл шара жөнінде дер кезінде хабардар болуын қарастыру керек деген уәж айтты. Құжат екінші оқылымға пысықталуға жіберілді.
Айша ҚҰРМАНҒАЛИ
«Заң газеті»

[ratings]

Символ мудрости и трансформации

Символом наступающего нового 2025 года станет Зеленая Деревянная Змея....

Штраф либо лишение свободы

Вопросы борьбы с коррупцией всегда находятся орбите особого внимания...

Технологии будущего – в повседневную жизнь

На заседании Правительства под председательством Премьер министра РК Олжаса Бектенова...

Итоги года и новые горизонты

2024 год в Казахстане стал годом динамичных преобразований, когда...

Сеть опорных школ «Отпан»

В целях повышения качеста среднего образования Правительстом реализуется проект...