12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҒАЛЫМ ҰСТАЗ МҰРАСЫ

(Үсеинова Гүлнар Рахимжанқызы туралы естелік)

2021 жылы сәуір айында асыл жар, асыл ана, үлкен әпке, білікті маман Үсеинова Гүлнар Рахимжановнадан айырылып қалған едік. Аяқ астынан көз жазып қаламыз-ау деген ой ешқайсымызда болған емес,  амал қанша ерте айрылдық. Бүгінгі естелік жазба ол кісінің ғылым жолында ізденіп жазған еңбектеріне арналады.

Гүлнар Рахимжановна 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін аяқтап күндізгі бөлім аспирантурасына түсіп, сол кезден бастап ғылым жолына бет бұрған болатын. Ғылыми бағыттары мемлекет және құқық теориясы мен тарихының келелі мәселелері, ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялылары өкілдерінің мемлекеттік-құқықтық көзқарастары, қазақ халқының дәстүрлі қоғамының жекелеген құқықтарының пайда болуы мен дамуы, ғалымдардың халқына қалдырған көне мұраларын және заң ғылымы аясындағы келелі мәселелерді зерттеумен айналысқан болатын. Ғылыми зерттеулерінің ең алғашқысы ол қазақ халқына қызмет еткен ұлы қайраткер Шоқан Уәлихановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары болатын, осы тақырып бойынша зерттеуін аяқтап 1996 жылы заң ғылымдарының кандидаты  дәрежесін алды.

Докторлық диссертациясы тақырыбына келетін болсақ алаш жұртына ойып тұрып ізін қалдырған Алаш партиясының бағдарламасының авторы Әлихан Бөкейхановтың мемлекеттік-құқықтық көзқарастары туралы тың зерттеу жұмысы болатын.

Гүлнар Рахимжановна Ә.Н. Бөкейхановтың еңбектерінде баяндалған құқықтық көзқарастарына мемлекеттік деректанулық талдау жүргізген. ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ зиялыларының еңбектерін зерттеп жария етуге бет бұрған ғалымдардың бірі деп айтсақта артық болмайды. Ғылыми еңбектерінің мазмұнына қарай талдау жасасақ Ресей және Қазақстанның сол ширек ғасырда өмір сүрген ойшылдардың мемлекетті-құқықтық ілімдеріне көз жүгіртуге мүмкіндік. Ә.Н. Бөкейхановтың мемлекеттік билікке, мемлекет пен құқыққа, басқарудың нысандарына, тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына, сот өндірісі мен соттардың құрылымына, қазақ қоғамының әдет-ғұрып құқығының жүйесінен туындаған проблемаларына дүниетанымдық және жалпы теориялық көзқарастары мен тәсілдері ашылды. Ә.Н. Бөкейхановтың құқықтық мемлекет идеясына, оның Қазақстанда демократия мен парламентаризм идеяларын қалыптастыру мен дамытудағы саяси және мемлекеттік қайраткердің рөлі айқындалды. Бөкейханов «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық-саяси, оның саяси бағдарламасын қалыптастыруда идеялық-рухани қозғалыстың дамуында үлкен рөл атқарғаны атап көрсеткен. Гүлнар Рахимжановна Ә.Н. Бөкейханов құқықтық мемлекет теориясының дүниетанымдық көзқарастарының жақтаушысы болған, билікті бөлу, заңның үстемдігі, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау идеялары, Еуропа азаматтарының кейбір идеяларының алғашқы жақтаушысы болған деп болжам жасаған. Ғалым Үсеинова Гүлнар Рахимжановна өзінің өсіп келе жатқан ұрпаққа қалдырған еңбектерінің бірін ғана атап өттік.

Ұстаздық жолды таңдаған Гүлнар Рахимжановна шәкірттеріне деген ілтипатты көз-қарасын еске түсірсем, тамсанып сағыныш сезімі оянады. Қызмет барысында болса да, жеке шаруаларда да ақылдассам ақылшым, сырымды айтсам жақын сырласым еді. Сұм ажал ортамыздан алып кетті. Арғы өмірдің жұмағын нәсіп етсін, жатқан жері жайлы болсын.

Гүлнара Рахимжанқызының бейнесі әр кезде де жүрегімізде ойып тұрып орын алған, ұмытылмайды.

Сманова Ақмарал Бақтиярқызы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті

Мемлекет және құқық теориясы

мен тарихы, конституциялық және

әкімшілік құқық кафедрасының

аға оқытушысы, з.ғ.к.

Тергеу мекемесінде екі жазасын өтеуші некеге тұрды

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік...

Колония қызметкері мейірбикелерді «Мейірбике күнімен» құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖД №19 мекеме қызметкерлері, мекеме...

С «Днем медицинской сестры» поздравили медсестер сотрудники колонии

Сотрудники учреждения №19 ДУИС по области Абай, поздравили медсестер...

Тіл мәселесіне қоғамның назарын аудартудың бір жолы…

Шындап ойлансақ, Мемлекеттік тіл мәселесіне қоғамның назарын аудартудың жолы...