12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- болашақта табысқа жетудің баспалдағы!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің флагманы болып табылады. Білім берудің жоғары сапасы, халықаралық мойындау, белсенді ғылыми-зерттеу қызметі, инновациялар, мықты профессор-окытушылар құрамы-осының бәрі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мақтанышы. Университет түлектері үкіметте, мемлекеттік органдарда, бизнесте, ел өмірінің түрлі салаларында маңызды орын алады. Бұл университеттің жоғары беделінің негізгі құрамдас бөлігі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақстандық жоғары оқу орны болып табылады. Әл-фараби атындағы ҚазҰУ — еліміздегі тарихы терен, ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны және QS WUR бойынша әлемнің ең үздік 200 университетінің тобына кіреді. Посткеңестік аумақта мұндай екі ЖОО ғана бар: М.В Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті 78-орында және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – 175 орында. ҚазҰУ — «QS Stars Rating System» халықаралық рейтингінде «Бес жұлдыз» басымдық белгісіне ие болған Орталық Азиядағы алғашқы және жалғыз жоғары оқу орны. Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз аrенттігінің «IAAR Eurasian University Ranking – 2021» халықаралық рейтингі қорытындысы бойынша ҚазҰУ Қазақстан, Ресей, Кырғызстан, Беларусь, Украина, Әзербайжан жоне Молдова жоғары оқу орындарының арасында үздік университет атанды. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік 2021 жылы ҚазҰУ-дың Қазақстанның көпсалалы үздік жоғары оқу орны екенін жариялады.

Университет Қазақстан үшін бірегей кампусқа ие, оның аумағында қазіргі заманғы талапқа сай оқу корпустары, мұражайлар, спорт кешені, студенттер сарайы, жайлы жатақханалар, жаңа заманауи ғылыми кітапхана, емхана, жүзу бассейні бар. Осы мақсатта университетте 16 факультет, 67 кафедра, FЗИ 29 ғылыми орталық жұмыс істейді. 3000-нан астам оқытушы дәріс береді. Оку ордамызда 25 мыңнан астам студент, магистрант, докторанттар білім алуда, олардың 10%-ы әлемнің 42 елінен келген шетелдік азаматтар, 2025 жылға қарай олардың үлесін 15%-ға дейін арттыру көзделуде. Бүгінгі күні біркатар шет мемлекеттерде, атап айтсақ, Армения, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркияда ҚазҰУ-дың филиалдарын ашу мақсатында жұмыс жүргізілуде.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу — біздң қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсіну керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердін қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деп атап өткен болатын. ҚазҰУ әлемнің 400-ден астам ірі университеттерімен және халықаралық ұйымдармен табысты қызмет етуде, университеттердің халықаралық, Еуропалық және Eуразиялық қауымдастықтарының, сондай-ақ IFEES, SEFI, KazSEE және т. б инженерлік қоғамдарының мүшесі болып табылады. Жыл сайын шетел білім беру және ғылым мекемелерінде тілдік, сондай-ақ ғылыми тағылымдамадан өту ушін ҚазҰУ-дың 2 мыңнан астам білім алушысы жіберіледі. Ұлттық және халықаралық құқық, экономика, халықаралық қатынастар саласындағы білім беру бағдарламаларына дәстүрлі түрде жоғары сұраныс бар екенін атап өткен жөн.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы — Ректоры Жансейіт Түймебаевтың айтуынша, «ҚазҰУ классикалық зерттеу университеті ретінде білім, ғылым жане инновацияларды табысты үйлестіреді: жыл сайын еліміздің ғылыми-техникалық даму басымдықтары бойынша 500-ден астам ғылыми жобаны жүзеге асырады. Соңғы үш жыл ішіндегі ғылыми жобалардың жалпы бюджеті 7,7 млрд теңгені құрады, ғалымдар 400-ден астам патент пен авторлық куәлік алды. ҚазҰУ ғылыми мақалалар бойынша көшбасшы, рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым біздің ғалымдарға тиесілі.

Жыл сайын арнайы шарт негізінде шетелдік оқытушылар университетте кызмет етіп, студенттерге дәрістер оқып, докторанттарға ғылыми жетекшілік жасады. Қазірдін өзінде университетке АҚШ пен Еуропаның университеттерінде, оның ішінде Кембридж университетінде дәріс берген профессорлар Уалбай Өмірбаева пен Базбек Даулетов сияқты халықаралық ғалымдар шақырылды. Халықаралық және ұлттық рейтингтерде көш басында болу — бізді экономика мен қоғам дамуының перспективалық бағыттарын ескере отырып, ғылыми-білім беру қызметін үнемі жетілдіруге және жақсартуға міндеттейді.

Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Қазіргі таңда ҚазҰУ-ды ұлттық экономикадағы инновациялық хаб және «әлемдік деңгейдегі университет» дәрежесіне жеткізу негізгі мақсатымыз.

Құрметті оқырмандар, жоғарыда айтылғандарға сәйкес Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ — жоғары оқу орнын таңдауда ең сенімге лайықты оқу орны екенін көрсетеді.

Атаханова Гульзагира әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушысы   

                                                 Серікұлы Саулет 1 курс магистранты  

Миына қан құйылған науқасқа МӘМС есебінен ота жасалды

Қонаевта дәрігерлер көлікпен жылқыға соғылып, миына қан құйылған азаматты...

Елімізде Еуропалық иммундау апталығы басталды

Елімізде сәуір айының 21-27 аралығында Еуропалық иммундау апталығы өтеді....

«Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ»тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізілді

Ағымдағы жылдың 16 сәуір күні Түрксіб станциясындағы желілік полиция...

Мошенники используют ситуацию с паводками для обмана граждан

«Проверьте свой ИИН на наличие выплат», «Получите компенсацию до...