12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

САЙЛАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Түрлі пікірдің көрігін қыздырып, сан түрлі байлам жасатқан Президент сайлауы да өз мәресіне жетті. Бүгін Еxit poll-дың қорытындысы бойынша мемлекет басында отырған Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіс тұғырына шыққаны белгілі болып отыр. Бұл нәтижені құлағы шалған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысын алдымен құттықтады. Бірқатар қоғам қайраткерлері, сарапшылар болса мұны демократияның жеңісі, жаңа Қазақстанның берік іргетасы, сындарлы саяси реформалардың басы деген тұжырымдарын білдіріп үлгерді. Ал, жеңіс иесі Қ.Тоқаев өзіне сенім артқан сайлаушыларға экономикада түбегейлі өзгерістер жасап, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеретініне уәде беріп, осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін бірлік қажет екенін айтты.

Саяси додаға еліміздің тарихында алғаш рет алты үміткер қатысып, бақ сынады. Олардың екеуі әйел болды. Үміткерлердің көш басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тұрды. Мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 43 жыл 1 айға толған Тоқаевтың өзге кандидаттардан бір айырмашылығы, ол « Сайлау туралы» заңның 54-бабы 2-тармағы бойынша, қазіргі Мемлекет басшысы ретінде мемлекеттік тілден емтихан тапсырудан босатылды. Қ.Тоқаевтың кандидатурасын Президенттікке мәслихат депутаттарынан құрылған республикалық қоғамдық бірлестік, Қазақстан спортшылар одағы, Қазақстанның Азаматтық альянсы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктері, «Qazaqstan Team» қоғамдық бірлестігі, Ұлттық волонтерлік желісі ұсынған еді. Кейін бұл кандидатура «AMANAT» партиясының съезінде қолдау тапты. Оларға кейін «Қазақстан халық партиясы» және «Ақ жол» партиясы қосылып, бір коалицияға бірікті. Екінші болып, Орталық сайлау комиссиясы қаулысымен Мейрам Қажыкен тіркелді. Ол мемлекеттік қызметте және сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда 14 жыл жұмыс жасап тәжірибе жинаған. Оның канидидатурасын «AMANAT» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды. Үшінші үміткер, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қосқан мемлекеттік қызметтегі және сайланбалы мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 7 жыл Жигули Дайрабаев болды. Төртінші үміткер, ретінде, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан ұсынылған, өмірінің әр кезеңдерінде мемлекеттік қызмет атқарған Нұрлан Әуесбаев көрінді. Ал әйел үміткерлердің бірі мемлекеттік қызмет өтілі – 9 жыл 1 ай Қаракат Әбден, екіншісі – кандидатурасын «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған, саналы өмірінің отыз жылын мемлекеттік қызметте өткізіп келе жатқан Салтанат Тұрсынбекова болды. Үміткерлердің мемлекеттік қызмет өтіліне арнайы тоқталуымыздың себебі – ҚР Президенті сайлауына қатысу үшін қойылған басты талаптың бірі осы болды. Бұл қоғам тарапынан бірқатар сұрақтар тудырды. Өйткені, нақ осы тетік кейбір қоғам қайраткерлерінің өздерін ҚР Президенттігіне үміткер қатарынан көруіне кедергі болды. Десе де бұл жағдай сайлаудың ұйымдастырылу барысына, ойдағыдай өтуіне бірер қоғамдық ұйымдардың «таңдаусыз сайлау» деп қарсылық тудырғанын айтпағанда еш салқынын тигізбеді. Бүгінде Орталық сайлау комиссиясы жария еткен алдын ала мәлімет бойынша Қазақстанда дауыс беру құқына ие 11,9 миллион адамның 8 282 607 дауыс бергені белгілі болып отыр. Жалпы, республикада дауыс беруге арналған 10 101 учаске құрылды. Қазақстанның 16 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанынан 17 учаске ашылды. Заңда сайлау өтті деп есептеу үшін сайлаушылардың белгілі бір пайызы дауыс беруі тиіс деген меже қойылмаған. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қарашада елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша барлық өңірде 1033 учаскеде дауыс беру басталды. Жалпы 1050 учаске жұмыс істеді. Сонымен қатар 53 шет мемлекетте ашылған 68 сайлау учаскесі олардағы отандастарымыздың өз құқын жүзеге асыруына мүмкіндік берді. Сайлау барысын бақылауға 10 халықаралық ұйым мен 35 шет мемлекеттен барлығы 641 адамға аккредитация берілген болатын. Бұған қоса 264 шетелдік журналист сайлауды қадағалаған. 20 қарашада Астана уақытымен таңертеңгі сағат 7-дегі жағдай бойынша, елдің шығыс, орталық және оңтүстік бөлігінде 8150 сайлау учаскесі ашылды. 11 шет мемлекеттегі 12 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Астана уақытымен сағат 22:00-де дауыс берушілер тізіміндегі сайлаушылардың 69,31 пайызы дауыс беруге қатысқан. Олардың көпшілігі Абай, Түркістан облыстарына тиесілі болып отыр. Бұл өңірлерде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы, ал Жетісу, Қызылорда облыстарында 81 пайыздан астамы дауыс беріп, өз таңдауларын жасапты. Басқа өңірлерде де көрсеткіш 70-80 пайыз аралығында болса, елдің батысындағы Маңғыстау облысында нәтиже 70 пайызға жетпеген. Шымкентте 59,79 пайыз сайлаушы дауыс беріпті. Ең аз көрсеткіш Алматы мен Астана қалаларында анықталды. Яғни, Астанада сайлаушылардың 48,60 пайызы, Алматыда 28,72 пайызы сайлау бюллетендерін алып, өз таңдауларын жасапты. Дауыс берушілер қатарында ешкімге дауысын бермей, «бәріне қарсымын» деген бағанға белгі соққандар да баршылық. Сайлау процесі барысында тәуелсіз бақылаушылардан заң бұзылғаны жайлы арыз-шағымдар да түскен. Жалпы, «Ашық қоғам» институтының жасаған қорытындысы көпшіліктің болжамына сай болды. Яғни, жоғарыда айтып өткеніміздей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев топ жарып, жеңіске жетті. Ал, өзге үміткерлердің жинаған дауысы тым болмаса 10 пайызға жетпеді. Мәселен, Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз, Қарақат Әбден – 2,54 пайыз, Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз, Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз, Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз ғана дауыс иеленді. Есесіне бәріне қарсымын дегендердің үлес саны олардың қай-қайсысының да жинаған даусынан асып, 5,2 пайызға жетті. Бүгінде осы үміткерлердің жинаған дауысына қатысты да қарсылықтар айтылып жатыр. Мәселен, белгілі журналист Гүлбану Әбенова фейсбуктағы парақшасында Салтанат Тұрсынбекованың Қарақат Әбденнен аз дауыс жинауы мүмкін еместігін айтып үлгерді. Бұл тақырыптағы пікірлер көрігі қызып, алда әртүрлі болжамдар айтылуы ғажап емес. Осының өзі сайлау барысында үміткерлер тарапынан үгіт-насихат жұмысының белсенді жүргізілгенін көрсетсе керек. Яғни белгілі дәрежеде дода тартысты өтті деген қорытынды жасауға мүмкіндігіміз бар. Сайлау осылайша өз мәресіне жетті. Еліміздегі екінші адам Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев өз дауысын беру барысында – «Сайлау – кез келген демократиялық жүйенің маңызды бөлігі. Азаматтар дауыс беру арқылы билікті қалыптастыру және мемлекетті басқаруға қатысу құқығын іске асырады. Сайлаудың ашық әрі әділ және ұлттық заңнамалар мен халықаралық стандарттардың нормаларына толық сай өтуі үшін барлық қажетті жағдай жасалды. Еліміз үшін осындай тағдыршешті сәтте халқымыз жауапкершілікті сезініп, сайлауға белсенді қатысады деп сенеміз», – деген еді. Бүгінде көріп отырғанымыздай, халықтың басым бөлігі сайлауда өз еркін білдірді. Демек,отандастарымыздың ескі де жаңа биліктен үміті көп. Мұны ең көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев та сезініп, «Халықтың сенімі – бұл ең құнды нәрсе. Сондықтан халықтың сенімін бәріміз ақтауымыз керек. Бүгін, міне 21 қарашадан бастап бәріміз жұмысқа кірісуіміз қажет» – деді.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Тоқаев су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы су тасқыны жағдайына байланысты маңызды мәлімдеме жасады.

Ең бастысы, адам өмірін барынша сақтап қалдық — Тоқаев су тасқыны туралы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына тап болған қазақстандықтар тағы да бірлік пен ынтымақ рухын көрсеткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының отырысын өткізіп жатыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысы басталды.

Көлік нөмірін кімге рәсімдеуге рұқсат етіледі? ІІМ мәліметі

ІІМ-де көлік құралын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидаларына енгізілген түзетулер туралы айтылды.

Бишімбаев ісі бойынша сот тергеуі аяқталды: ары қарай не болады?

Астана соты Бишімбаевқа қатысты сот тергеуін аяқтады. Келесі кезең - сот жарыссөзі.