Қазақстанда 11 мың шақырым жол ақылы болады

Қазақстанда 2025 жылға дейін 11 мың шақырым тасжол ақылы болады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазіргі уақытта ақылы учаскелердің ұзындығы — 2 161 шақырым. Биыл жалпы төлемдер төрт миллиард теңге болды. Жалпы, 2025 жылға дейін жол учаскелерін қайта жаңарту жұмыстары аяқталғанда, 11 мың шақырымға кезең-кезеңімен ақы төлеуді енгізу қарастырылады», — деді Өскенбаев Мәжілісте өткен үкімет сағатында.

Ведомствоның баспасөз қызметі 11 учаскеде төлем енгізілгенін түсіндірді: «Астана-Щучинск», «Астана-Теміртау», «Алматы-Қапшағай», «Алматы-Қорғас», «Қапшағай-Талдықорған», «Тараз-Қайнар», «Шымкент-Тараз», «Шымкент-Ташкент», «Шымкент-Қызылорда», «Щучинск-Көкшетау», «Астана-Павлодар».

Жеңіл көліктер үшін тариф 1 шақырымға — 1 теңге, жүк көліктері үшін 1 шақырымға — 25 теңге.

Қазақ тілінде бір ауыз сөз айта алмау білімсіздіктің белгісіне айналды – Президент  

Ұлтты ұйыстырып, мемлекетіміздің іргесін бекемдейтін ең маңызды фактор – мемлекеттік тіл.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Халық Кеңесі – Құрылтайға балама мекеме емес  

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы...

Елордада Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы басталды 

Кеңес құрамына этномәдени бірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, мәслихаттар мен қоғамдық кеңестерден 126 өкіл кірді.

Мектеп сөмкесі баланың салмағының 10 пайызынан аспауы керек – маман 

Ал кітаптар мен оқу құралдары салынған сөмкенің салмағы баланың дене салмағының 10 пайызынан аспағаны жөн.