-15.1 C
Алматы
Воскресенье, 27 ноября, 2022
spot_img
spot_img

КІЛТ

 «Т» қаласында Осымен жыл басталғалы жетінші  құқық қорғау қызметкері белгісіз жағдайда қаза тапты.  Бәрінің де өлі денелері жалдамалы пәтерден табылған…

 Қоңырау дабылының ащы даусы мұнша жағымсыз болар ма?! Сағат тілшесі күндізгі  он бірлер шамасында соғып тұр. Түнгі кезекшіліктен шыққан Әділ үшін бұл қоңырау сүр  үрленгеннен де сүренсіз еді. Түн баласы көз ілмей, басбұзарлардың ізін торуылдаған ол қоңырау артынан жағымды жаңалық күтпеген еді. Демалыс уақытындағы шұғыл қоңырау бастығы Болатбековичке тиесілі екен. «Әділ! Тірімісің? Тез жедел штабқа қосылып қылмыс орын алған жерге жет. Әлгі қылмыскер жетіншісінің түбіне жетіпті. Майор Ысқақов  екен өлген»,-деді. Бұның мақұлдауынсыз телефонды тастап жіберді, бастығы. Дәл Әділдің туған күнінде өлітіріпті, құрғыр. Кешкісін отбасымен уақыт өткізіп, туған күнін атап өту жоспары бар еді. Ендігі ол жоспардың көлеңкесі де қалмады. Асығыс-үсігіс аталған аймаққа аттанды. Кімге керек?  Қатар-қатар жеті бірдей ұқсас өлім жәй сәйкестік пе, әлде ұйымдасқан жоспарлы қылмыс па? Мұнша шығын кімге керек? Неге барлығы бірдей құқық қорғау қызметкерлері? Неге жалдамалы пәтерлер? Жоспарлы қылмыс болса, келесі кім? Бұл қылмыс орнына барамын дегенше Әділдің сана төрінде жауапсыз қалып жатқан сұрақтары еді. Қанша ойласа да түбіне жетер емес. Ойланбасқа  да амал аз, өткен жолғы жиналыста подполковник Болатбекович бұған жақсылап ескерткен. «Келесі болып менің өлгенімді күтіп жүрсің бе? Неге қылмыс ашылмайды? Әлгі қанпезерді табасын, болмаса істі тапсырасын! Қолыңнан келмесе, келмейтінін айтта, орныңды босат!» деген болатын. Істі өзгеге өткізу антына адалдыққа жатпайды, әлсіздік танытып қолды бір-ақ сілтейтін де сәт емес. Жабулы қазан қақпағы жабулы қалса қалаған қызметімен де, жұмысынан да біржолата қоштасу керек болмақ. Тергеуші болуын Әділ де, оның әкесі де арман еткен болатын. Азан шақырып атын қояр уақытта да әділдік жолында күрескер жан болсын, жан-тәнімен әділдікті сүйсін деген ырыммен есімін Әділ қойған екен, әкесі. Екеуінің де арманы көкке ұшпақ. Оның үстіне бастығы Болатбекұлы да қыңыр кісі, бұйрық бергенді ғана біледі. Іскерлік қабілет, кәсіби біліктілік дегендерден ада адам. Бірақ принціпшіл, сондықтанда осы істе қылмескерді құрықтамаса жұмыстан шығаратыны белгілі.

Жалдамалы пәтерлердің жайы белгілі. Өзі аймақтық өкіл болып тұрған уақытта бұл жерде жеңіл жүрісті қыздар қызмет ететіндігінен де хабарда еді. Бір болса істің ұшы осы жерден шығады. Көрген-білгені болар деген оймен жалға берілетін үйлер орналасқан аудан тұрғындарынан, сол аймақта қызмет ететін тазалықшылардан түгел түсініктеме алды. Ерсілі-қарсылы ауланы айналып жүретін жастардан да жауап алған. Алайда істің ауылысы алыс секілді. Ішінен  күдігіне ілінген жеңіл жүрісті қыздар ғана. Бұлардың жеңгетайы Мая есімді  түрік деуге де, қазақ деуге де келмейтін  аралас қанды қатынды жақсы біледі. Сыртартпақтау ниетімен бұлар «офис» атап кеткен дүкенге келді. Азық-түлік дүкені деген атауы жазылған маңдайшасы болмаса, негізгі қызметі қыз саудалау. Есігінен енген еркекке сәлем-сауқатсыз, «қыз іздедің ба жігіт?» деді. Кейін көзі таныс, Әділ екенін көрді. Бұлда талай тұзақтан аман шыққан әккі ғой, төтелемесе қиынды қиыстырып ізін жасырар деген оймен қатынға сауалды ашық жолдады. Қаз-қатар марқұмдардың есімдерін атап, «Осы кісілерге қатысты не білесіз?» деді. Әлгі әйел де көп кідірмей олар қайтыс болатын түні жезөкшелермен уақыт өткізгенін және өзіне қыздарды апарып беруін тапсырғанын айтты.  Бұл олардың үйреншікті тапсырмасы болатын. Керек кезінде ағалық қамқорлық жасап, кейін көңілдерін аулауды тапсыратын. Қысқа диалогтан кейін қошайтысып шығып кетті.

Деректер көп, тек отырып қорыту керек. Ең бастысы барлығыда жезөкшелермен бірге болғанын біледі. Күдік көкжиегі одан сайын тұманданып, қылмыскерді табу қиындай түскенін түсінді. Кімді кінәлау керек? Барлығы да жеңіл жүрісті қыздардың қабылдауында болған. Бірақ шынашақтай ғана қыздар алып еркектерге алып ұруға дәрмені қалай жетпек. Оның үстіне жеңгетайдың айтуынша қыздар жұмысын бітірген бойдан кетіп қалған, марқұмдар пәтерде жалғыз қалыпты. Сонда  бұл оқиғада тек қылмыскер ғана емес, қылмыскерлер болған ба? Бұл қыздардың артында кім тұр. Осы тұста күдік барлығын үйлестіріп отыратын жеңгетай  Маяға түсті. Осы қатын ғой, бір бәле келсе осыдан келеді. Өлген қызметкерлердің бұларға деген «ағалық» қамқорлығы белгілі, кейде біраз қаржы да алатынын көрген. Бұққан басты сұққан, құлқынның қуатымен көп талап қойып, не болмаса ақшаға келісе алмай, осы жеңгетай қыздарына пәрмен етіп өлтіргізді  ме деген ой шынайылыққа жақын секілді. Енді тек Маяны мойындату керек. Қыздар у беруі мүмкін немесе масайыратып басқалай жолмен де бақиға аттандыруы  ықтимал. Кейін қылмысты анықтау оңай болмасын деген оймен қанжоса қылған. Әзірше ой осы.

Жәбір шегушіні қалай жәбірлегенін анықтау үшін өзін жәбірленуші ретінде сезініп, орнына қойып  көру керек. Бұл Әділдің академия оқып жүргендегі уақытта ұстазынан іс зерттеу бойынша алған кеңесі. Бала кезде естіген ақылы бұны талай істін басын ашуға көмек еткен болатын. Осы жолы да марқұмдардың рөліне еніп көру керек. Көп ойланбастан әлгі дүкенге адам жіберді. Айтқанын айнытпай айтып,   жақсылап жайғауын сұрап жатқанын және  «Жас қыздар қызмет етсін!»  деген сәлемін жеңгетайға жеткізді. Енді кешті күту керек.

Бұрындары қанша сұлуды құшып жүрсе де бүгінгі түннің  жайы ерекше. Жаңа түскен келін  секілді қобалжиды. Бар ойы кезекті құрбан өзі бола ма деп қорқады. Кеш батқанша «Ішпеу керек», «Айтқанына көнбеу керек», «Ылғи назарда ұстау керек, демалатын уақыт емес» деген ескертпелерді өзіне қайта-қайта қатаң тапсырып, кабинетінде айналып жүре берді. Әлгі пәтерден тірі шықса зор мәлімет алатындай. Аюдың апанына өз аяғымен баруға келісім бергенін ойлап өкінеді. Тағатсыз секундтар жылжып, сағат сегізден өте жалдамалы пәтерге енді. Бөлмелерді әккі аңшыша тінтіп шығып, жарақат салуы мүмкін деген қатты, үшкір, ауыр заттардың барлығын жасырған болды. Тағы да сыбайластары болуы мүмкін деген күдікпен терезе, балкон есігі, сыртқы есік секілді  ішке кіруге болатын жолдардың мықтап жабылғанын, сыртынан ашылмайтындығын тексерді. Адам сиюы ықтимал деген жерлердің барлығын бақылап шықты. Пәтерде өзінен басқа ешкімнің жоқтығын көргеннен кейін ғана көңілі жайланды. Пәтер қоңыраушасы! Үйдегі мүлгіген тыныштық табын бұзғандай. Салқын мұздай тер бұрқ ете қалды. Қанша жыл қылмыскерлермен етене жұмыс өтілі бар, көпті көрген бұның сонша қорыққаны күлкілі. Тіпті соңғы мәрте бұлай қашан қорыққаны есінде жоқ. Есік тұтқасына ілінулі тұрған ақ халытты асынып,  дабыл басып тұрған қонағын күтіп алуға аттанды. Әдеттегідей есік дүрбішесіне үңіліп, жас әрі сұлу бойжеткеннің келіп тұрғанына көзжеткізді.

  • Келдің бе?
  • Я, аға.
  • Красавица моя! Бүгін райға жөнелтші мені. Шешіне бер, мен ванна қабылдап алайын-, деді, сыр білдірмеген болып.  «Сасқан үйректің артымен жүзгені қалай, «Райға жөнелтші» деп жүргенде шынымен о дүниеге аттансам не болмақ. Не үшін айттым. Осы түні қыз қолынан қаза тапсам да жұмақтық атанбасым анық»,-деп іштей күбірледі. Бұл оның қорқыныш пен күдік арасындағы өзін алдаусыратып, басқа дүниеге ойын аударғысы келгендегі тапқан амалы.

Таңды кірпік қақпай атырды. Қойнында жатқан қыз емес қылмыскердің нақ өзі секілденеді. Қашан тарпа бассалады, әлде менің ұйқыға кеткенімді күтіп жатыр ма деп ойлап қояды. Төзімі таусылған соң  бұрын қайтыс болған полициясы қызметкерлерінің атын атап, «бұрын естіген есімдерің емес па, мүмкін араласқан шығарсыңдар?» деп суыртпақтады. Әрі айналдырды, бері айналдырды. Ақыры сыр сандықтың құлыбы ашылғандай болды. Бұның бәрін білетіндей көрінгенінен қорыққан қыз жылап жіберді.

  • Аға, мен ештене білмеймін. Біз тек жұмысымызды бітіріп,  пәтерде жалғыз қалдыруымыз керек. Бізге айтылған әңгіме сол. Аға, құлың болайын мен ештене білмеймін-, деп жылай берді. Жұбатып отырып, кімнің тапсырма бергенін біліп алды. Күдіктенген Маясының дәл өзі. Жеңгетай пәрменін екі етпей орындаған жезөкшелердің басқа амалы да болмаған. Айтқан тілін алмаса бұларға қатысты айланын сан түрін ұйымдастырып қойған, жеңгелері.  Ең бергісі жұмыссыз қалады. «Алайда бұл оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды» деп пайымдап, өзінше ар сотында үкім кесіп қойды. Қызмет еткен жас қыз жылаған күйі киімін жинап, пәтерден шығып кетті. Енді Маяны күту керек. Өзіне тап беретін  қатынды күткенімен ешкім келмеді. Жеті қаруын асынып, есіктен енген жанға ескертусіз оқ атамын деген ойы далбаса болып шықты.

Шамасы өзі күдіктінің қызыл тізіміне енбегендей. Әйтпесе үйреншікті ценарий бойынша ендігі өлу керек еді.Ертесіне  мен-зең күйде үйіне оралмастан кабинетіне  барды. Ұйқылы-ояу, түнімен «демалған» адамда ненің ақылы болсын. Қылмыскер психологиясын зерттеп отыр. «Мүмкін емес, қалайша бір жерден қате жібермейді? Маяға не үшін керек бұл өлім. Өз қолын өзі кесе ме? Кәсібінің жоталарда жоғары дөңгелеуі үшін көмек етіп отырған бұларды неге өлтірген?» дейді. Шыр-р-р-р! Телефон соғып жатырған Болатбекович екен. Бастығына болған жағдайды бастан аяқ баяндап берді. Ақылсыз, ашуға ерік бергіш бастығы әңгімені шала тыңдап, «Әлгі жеңгетайыңды аса ауыр қылмыстық оқиғаға күдікті ретінде тұтқындаңдар. Істі өз қолыма аламын»,-деп бұйрық берді. Жеті рет өлшелмей кескен тон келте болатынын жақсы біледі. Бастығының бұйрығын  жасаса нағыз ұрыны ұстаған бола ма? Фешкаларға күш көрсетіп, негізгі көзірлерді жіберіп алатындай. Айналшықтап жүріп Болатбековичтің бұйрығының күшін жойғызды. Аздаған уақыт керек екенін, істі толық ашатындығын. Нағыз қандықол қылмыскердің ұсталатындығын айтып сендірді. Оның үстіне жас шамасы қырықтан асып елуге еңтелеп қалған әйелдің тепсе темір үзердей еркектерге зауал келтіре қоюы екі талай. Әрі оларсыз бұл қара кәсібі өрге домаламасы анық. Оның қатысы болуы мүмкін болғанымен, нақ қылмыскер ол емес. Енді секем бермеу керек. Әділ Маяны  тура айыптау қылмыскерді үркітіп алу, тіпті уысынан шығарып алу   екенін біледі. Ізін бағып көру керек.

Тағы да Болатбековичтің қоңырауы безек қақты. «Саған әлгі жеңгетайды ұстап әкел деген жоқпын ба. Мынау не болды енді? Сол аймақта тағы бір кісі өлімі. Бұл жолы 18 жасар жас қыз жертөледен өлі табылыпты. Біздің жігіттердің айтуынша проститутка, ол. Маяны тұтқындайтын бол»,-деп айқайдың астына салды.  Аталған көп қабатты жертөлеге барды. Жағдай тіпті ушықты, қайтыс болған қыз әлгі түні ғана өзіне қызмет еткен жезөкше екен. Өзінің қателескенін білді. Ішінен қызға бару, оны ашық диалогқа тарту ақымақтық деп баға берді. Енді Болатбековичке қайтыс болған қызбен қатынасқа түскенін, оның да өзі  іздеп жүрген күдікті қолынан қайтыс болуы мүмкін екенін қалай айтпақ?! Қалайша қателесті? Екі ортада жас қыршынды қаза қылды ма? Алайда көңілге дәт болатыны күдікті ізін жасыруға көшті. Ондайда кәсіби киллерлердің өзі қателеседі. Қашқан сайын қателесу жағдайы ықтимал. Қыз өлімінен кейін Маяның азық-түлік магазині жұмысын тоқтатты. Өзі ізім ғайып жоқ. Іздестіру жұмыстары басталып кетті, бұлтартпас тергеуге тартылуы туралы бұйрық бар. Жеңгетай суреті қала көшелері мен адам көп жиналатын аймақтарға толық ілінді. Алайда  Мая түгілі көлеңкесі де көзге түспейді. Жер астына түсіп кеткендей. Келер аптаның дүйсенбі күніне дейін іс жабылмаса,  Әділді жұмыстан босату туралы бұйрыққа Болатбекович қол қоятындығын жеткізген.

Жексенбіден бірінші күнге қараған түні Әділ соңғы қызметтік кезекшілігін өтеуге шықты. Суыртпадан ақ парақты алып, жұмыстан өз еркімен шығуға да өтінішін жазып қойды. Таң атса «сүйікті» басшысына апарып тапсырмақ. Ендігі жерде қандай тіршілік ететінін де ойланып қояды. Қалың ой үстінде отырып көзі ілініп кеттіпті. Түсінде марқұм әкесі, «Балам, бәрі жақсы болады. Еш уайым шекпе!» деп жатыр екен. Бұның ұйқысын «Әділ, қару-жарақ қоймасының кілті қайда» деген әріптесінің даусы оятты. Түнгі және күндізгі құрамның ауысым уақытындағы қару тапсырып, қару алу уақытына керек кілтті қалтасынан ұсынды. Кенет «Кілт, я, я! Кілт болу керек. Қалай аңғармағам, кілт қой» деп айғай салып тыныш түннің берекесін алды. Әріптесі не болғанын сұрағанымен мардымды ештене айтпай, «Кілт болу керек» деп айқайлап, қол шапалақтай берді. «Я, жұмысын бітірген бойдан кетеді. Кез келген адам есікті ішінен құлттайды. Әсіресе біздікілер ашық қалдырмайды. Кілттейді, яғни  күдіктіде кілт болған»,-деп ой түйді. Енді барлық пәтердің кілті кімде болуы мүмкін. Жалға берілген пәтерлердің иелері әртүрлі. Бірі болса, бірі болмайды. Сонда кім?

Сегіздің соңғы секундтын  соқтыртып, Болатбековичтің кабинетіне кірді. Дегенмен бастығы суық жүзбен қарсы алды. Қатулы қабағынан маңызды әрі жағымсыз жаңалықпен бөліскелі тұрғанын байқау қиын емес. «Тәк, Әділ! Сен жақсы жігітсің, бірақ мына қылмыс ашылу қажет. Сені жұмыстан босатпасам, өзім қызметтен кетуім керек болады. Білесің ғой бізде кінәлі біреу болу керек. Сен боссын!»,-деп шығарып салды. Кілт жайлы қанша айтқанымен Болатбекович құлақ аспады және енді бұл іске қатысуға тиым салды. Кедергі келтірмеуін бірнеше мәрте қайталап қатаң тапсырды. Енді жұмыссыз.

  • Алло, Әділ. Кадр бөлімінен приказ шықты. Жұмыстан шығып жатыр екенсіз кабинетіңізді тазалап тапсырыңыз, жөндеу жұмыстарын жүргіздіріп, келесі иесіне тапсыруға дайындауымыз керек-, деп әріптесі хабарласты. Телефон тұтқасынан сөйлеп тұрған адамның «Тазалық» деген сөзі бұған бір ой салды.

«Я, я! Табылды. Енді дәлелдеу керек» деп алып ұша шағын мөлтекті тазалау жұмысымен айналысатын мекеменің жертөледе орналасқан офисіне жүгіре жөнелді. Ол жерде сантехник отырады және онда апаттық жағдайлар үй иесі пәтерінде болмаған уақытта орын алған кезде ашып, кіріп жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін кілт болатындығы есіне оралды. «Қылмыскер сантехник!» деп барғанша қайталай берді.

Барғаны сол, жағасын ұстады. Жарық көмескі түскен жертөледе қаз-қатар ілінген фотоларды көрді. Өзінің фотосы және белгісіз жағдайда қайтыс болған жеті полиция қызметкерінің суреті тұр. Сегізінші өзі…

Қазір Әділ Ішкі естер саласының құрметті қызметкері. Ол туралы телебағдарламалар дайындалып, газет беттеріне бірнеше рет мақалалар жазылды. Құқық қорғау саласының қызметкерлерінің арасында тірі аңызға айналды, оның ізкесудегі шеберлігіне сүйсінетіндер көп. Қылмыс толық дәлелденіп, сот өткеннен кейін әлгі сантехниктің бұрын құқық қорғау саласында қызмет еткені, қызметін асыра пайдалынып заңсыз жалдамалы пәтерлер беру ісімен айналысқаны, сондай-ақ жеңіл жүрісті қыздар саудасына қамқорлық танытқаны белгілі болды. Сол үшін бірнеше жылды темір тордың арғы жағында өткізген. Ал адам қолынан қаза болған жеті полиция қызметкері оның сыбайласы болған, алайда бар жауапкершілікті осыған аударып, сытылып кеткен. Сантехник кек алу мақсатында сегіз адам өліміне тиянақты дайындалған. Ал Әділдің ол сапта не үшін жүргені белгісіз. Мүмкін ізіне түскен қызметкерді де құртқысы келген болар.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Басқада | О других

Жаңалықтар / новости