12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Судьяларды іріктеу  процесі жаңартылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» жолдауының бесінші бағдарында  қоғамда заң үстемдігі берік орнығуы мен сот төрелігінің әділ атқарылуына айрықша мән берді. «Кадр бәрін шешеді» қағидатына жүгінсек, сот төрелігінің әділ атқарылуы ең алдымен судьялардың кәсіби білім-білігіне тәуелді. Сондықтан, Президент судьяларды іріктеу процесін жаңартып, олардың мәртебесін теңестіруде нақты ұсыныстар жасады.

Солардың бірқатарына тоқталып өтсек, алдағы уақытта сот төрағасының лауазымын қарамағындағы қазылармен теңестіру мақсатында судьяларға соттар мен сот алқаларының төрағалығына үміткерлерді таңдау құқығы берілуі мүмкін. Жоғарғы Сот судьяларын да таңдау тәсілі арқылы сайлау көзделуде. Бұл үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынады.

Судьялардың дербестігін арттыру күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан, Жоғарғы Сот кеңесінің мәртебесін одан әрі нығайту үшін судьялыққа үміткерлерді дайындау, олардың біліктілігін көтеру  жұмыстары, сондай-ақ, судьяның шекті жасын ұзарту, өкілеттігін тоқтату сынды шаралар, яғни,  кадрларды іріктеуден бастап, барлық деңгейдегі соттарды тағайындауға ұсыным беруге дейінгі міндеттер осы Кеңеске жүктелмек.

Бұған қоса жолдауда күштік құрылымдардың сотқа ықпалын болдырмау үшін судьялардың қызметіне араласатындар жауапкершілігін барынша арттыру қажеттігі айтылды. Судья тарапынан жіберілген өрескел қателік пен күшін жойған әрбір сот актісі Қазылар алқасының қатаң тексеруінен өтеді.  Осылайша, сот төрелігін атқару сапасын жақсартуда судьяларды бағалау мен жауапкершілікке тарту тетіктері түбегейлі жаңартылады.

Апелляция институты да өзгерістерден шет қалмайды. Бұдан былай апелляциялық саты соты өзіне түскен істерді бірінші сатыдағы сотқа қайтармай, нақты мән-маңызы бойынша шешім  қабылдайды.

Өткен жылдан бастап елімізде әкімшілік әділет институты қарқынды түрде жұмыс істей бастады. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың ауқымды бөлігі, сондай-ақ, жария-құқықтық даулардың жаңадан қабылданған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен реттелуі өз кезегінде ізгілік пен әділдікке жол ашқанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Осы себепті, әкімшілік әділеттің қолданылу аясын кеңейту қашан да маңызды.

Президент жолдауда көтерген мәселелердің қатарында сот алымдарын қайта қарастыру, мемлекеттің сотқа қатысуын азайту, сот төрелігін атқару ісін біріздендіру, интеллектуалды жүйені толық  енгізу сынды ауқымды шаралар бар. Мысалы, бизнес өкілдерінің пікірін ескерген Мемлекет басшысы талап-арызда көрсетілген сомадан алынатын пайыз мөлшерін кеміту арқылы мүлік даулары бойынша алымды ойға қонымды деңгейде жоғарылату жағын қарастыруды ұсынды.

Соттар мен құқық қорғау органдары қоғамның жіті назарында. Сондықтан, жолдаудың «Заң және тәртіп» бағдарында аталған салаларды реформалау туралы тың ұсыныстар айтылып, тиянақты тапсырмалар жүктелді. Ең бастысы Президент қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялады. Айта кетерлігі, рақымшылық жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға қатысы барлар мен мемлекетке опасыздық жасауға, билікті күшпен басып алуға әрекеттенгендерге, лаңкестік және экстремистік қылмыс жасағандарға, рецидивистерге, жұртты азаптағандарға қолданылмайды.    

Мемлекет басышысының қылмыстық заңнамаларды мұқият саралау, адам өлтіру, қарақшылық сияқты ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатпау, отбасылық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейту, сонымен бірге, нашақорлық, есірткі саудасымен күресудің кешенді жоспарын әзірлеу туралы тапсырмалары жүйелі түрде іске асыруды талап етеді.  

Ілияс Мұхадиұлы,

Талғар аудандық сотының судьясы

Алматы облысы

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...

Дау шешудің дара жолы

Өз заманында Төле, Қазыбек,  Əйтеке сынды кемеңгер билеріміз бірігіп,...

Неке-отбасылық қатынастары, даулары

Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексіне (әрі...

       Соттағы болып жатқан жаңашылдықтар(сот кабинеті, Е-өтініш,электоронды қылмыстық істер)

 Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотын электрондық жазбаны мейлінше...

          Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлық мәселесі негізгі проблемалармен...