Ақтөбеде оқушыларға басқа вакцина салынған: министрлік тексеруді бастады

Денсаулық сақтау министрлігі Ақтөбедегі мектеп оқушыларын БЦЖ вакцинасымен қайта вакциналау дерегі бойынша қызметтік тексеруді бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта бұл инцидент бойынша құрамында Денсаулық сақтау министрлігінің бейінді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеттерінің басшылары, бейінді мамандары бар комиссия құрылды, олар эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, сараптамалық қорытындының негізінде болған инцидентке баға береді», — делінген хабарламада.  

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың денсаулық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіп жатқаны айтылды.

Еске салайық, 13 қыркүйекте Ақтөбеде бірінші сыныпқа баратын 42 оқушыға мантудың орнына шатасып туберкулезге қарсы тірі вакцина салынғаны хабарланған болатын.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына 20 үміткер анықталды

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі конкурстық комиссияның қорытынды...

ҚазҰУ-да «Жасанды интеллект дәуірі: Баспа ісі, медиа және дизайн» атты халықаралық күзгі мектеп басталды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ұлттық баспа күніне орай...

Жетісу облысындағы инсульт орталықтарында Cerebra жасанды интеллект жүйесі енгізілді

Жетісу облысындағы барлық инсульт орталықтарында ишемиялық және геморрагиялық инсультті...

Как горный туризм может расширить экономику Алматы

Развитие Алматинского горного кластера и проекта Almaty SuperSki может...