Алматылықтар 13,3 млрд теңгенің дәрісін тегін алды

2022 жылдың 7 айында алматылықтар амбулатория деңгейінде 13,3 млрд теңгенің дәрі-дәрмегімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы бүгін брифингте Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады.
Айтуынша, сақтандыру енгізілгелі бері Алматы тұрғындары медициналық қызметтерді белсенді пайдаланып келеді. Соның ішінде медициналық қызмет көлемі ғана емес, сырқат түрлеріне қарай берілетін дәрі-дәрмек саны да бірнеше есе артқан.
Бүгінде тұрғындар белгілі бір сырқаттар бойынша тегін медициналық көмек және сақтандыру пакеттері шеңберінде тегін дәрі-дәрмек ала алады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар, созылмалы және жедел аурулар, коронавирус инфекциясына шалдыққандарға берілетін дәрілер де бар.
«Өткен 7 айда Алматы қаласы бойынша тегін медициналық көмек пакеті бойынша 149 мыңнан астам пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген. МӘМС пакеті бойынша195 мыңнан астам ересек, 19 мыңға жуық бала тегін дәрі-дәрмек алды», — деді филиал басшысы.
Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?
Тегін медициналық көмек пакетінде:
Диспансерлік есепте тұрған Қазақстан азаматтары, ықтиярхаты бар шетел азаматтары 50 түрлі дерт бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі.
МӘМС пакетінде:
Белгілі бір сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрған, сақтандырылған азаматтар қамтамасыз етіледі. Сақтандыру пакеті арқылы ересектерге 50 нозология, балаларға 73 нозология бойынша дәрі тегін беріледі.
Дәрі-дәрмек 18 жасқа толмаған балаларға дәрігер тарапынан диагнозы нақтыланғаннан кейін беріледі.
Тегін дәрі алу үшін не істеу қажет?

• Алдымен емханаға тіркелу керек
• Диспансерлік бақылауға алынатын сырқаты болса тиісті есепке тұру қажет
• Учаскелік дәрігер/терапевт немесе емдеп жатқан салалық маманнан дәрі-дәрмекке рецепт алады.
Тегін медициналық көмек және МӘМС пакеті арқылы берілетін дәрілік заттардың нақты тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2100023885#z47

Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаттары айқын

Азаматтар өзінің заңды құқығын біліп, өз мүддесін қорғауға қабілетті...

Татуластыру тетігін таңдау тараптардың еркінде

Азаматтық сот ісі заңдылыққа сүйене отырып дауларды әділ шешуді,...

Жасанды интеллект сот жұмысына серпін береді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды цифрландыру және жасанды...

Ерекше іс жүргізудің тиімділігі неде?

Елімізде жүргізіліп жатқан сот реформаларының басты мақсаты – азаматтардың...

Ашық сот процесі халық сенімін нығайтады

Сот жұмысы ашық, қолжетімді болған сайын азаматтардың сотқа деген...