Түркістан облысының полицейлері дәріханадан ұялы телефон ұрлаған күдіктіні анықтады

Түркістан қалалық ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын дәріханасында тұрған «Айфон 13» маркалы ұялы телефонын белгісіз азамат ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі 450 000 теңге. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет етіп, ұрлық болған дәріханаға бағыт алды. Дәріхана иесі, жәбірленуші бойжеткен, басқа да көрген-білгендерден сұрастырып, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктіні тұрғылықты мекенжайынан анықтады. Ол жергілікті тұрғын, ер азамат болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай, күдікті дәрі алу мақсатында дәріханаға кірген. Содан соң қараусыз тұрған ұялы телефонға көзі түсіп, оңай жолмен ақша табуды көздеген. Осылайша жанында адамдардың жоқтығын пайдаланып, білдіртпестен телефонды алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Күдіктіден қолды болған ұялы телефон айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез-келген түріне қырағылықпен, асқан жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік...

В Казахстане увеличился выпуск легковых автомобилей

В январе-сентябре 2026 года в Казахстане произведено 136 548...

№68 мекемесінде саптық тексеріс өткізілді

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

КЕРБУЛАКСКАЯ РАЙОННАЯ БОЛЬНИЦА ВОЗОБНОВИЛА РАБОТУ ПОСЛЕ КАПИТАЛЬНОГО РЕМОНТА

В области Жетісу продолжается модернизация инфраструктуры здравоохранения. После капитального...

КЕРБҰЛАҚ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Жетісу облысында денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Кербұлақ...