Маңғыстауда ереуілге шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды

Маңғыстау облысында жедел жәрдемнің ондаған қызметкері жұмыссыз қалды. Жаппай жұмыстан шығару  фельдшерлер мен жүргізушілердің ереуілінен кейін басталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «КТК» телеарнасына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, жұмыстан кеткен қызметкерлердің орнына адам табылып қойған. Бір аптадан аса уақытқа созылған митингілерді сот заңсыз деп таныды.

Жұмысқа шыққысы келмегені үшін Жаңаөзен қаласында 11 адам, Мұнайлы ауданында тағы сегіз адам жұмыстан шығарылған.

Тағы 25 фельдшер мен 13 жүргізуші өз еркімен өтініш жазған. Оларға ойланып, ойын өзгертуге уақыт берілді. Бірақ дәрігерлер жұмысқа оралмаған. Нәтижесінде көбінің орнына адам табылғаны айтылды.

Жаңаөзен қаласында қазірдің өзінде 15 жүргізуші мен тоғыз фельдшер жұмысқа қабылданған. Мұнайлы ауданында – алты жүргізуші мен фельдшер. Денсаулық сақтау басқармасы өңірде жедел жәрдем көліктерінің жұмысы жолға қойылғанын айтады. Жергілікті бюджеттен жалақыға қосымша 236 миллион теңге бөлінген. Жыл аяғына дейін жүргізушілерге 90 мың теңге, фельдшерлік қызметке 40 мың, медбикелерге 30 мың теңге қосымша жәрдемақы төлеуге уәде беріп отыр.

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...

За год Казахстан обошел Португалию и Финляндию по объему экономики

Международный валютный фонд в октябрьском обзоре мировой экономики оценил...