12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Із кесуші

Түнгі сағат үш. Ай сәулесі әлсін ғана білінеді. Даланы мүлгіген тыныштық басқан.Бәрі ұйқыда жатқанда тек ғана Жандос ояу. Жанын мазалаған бір жайт бар. Тыным таппай бір орынды айнала берді. Ұрының түбі қуыс демекші, өз жасаған қылмысын барынша жасырумен әлек. Осы мақсатпен жан-жағына алаңдап қарайлап өз қолымен өлтірген мүрдеге көр қазып жатты. Жан тері шықты. Күзгі ұрған дауыл оның мойнына ілген шарфын жұлып кетердей. Сыртқы жақта адам аяғы баспас шағын орман оның қылмысын жасыратындай түнделетіп келгені де сол еді. Оның жан айқайында:

«Сенің бұл ісің дұрыс емес, ол сені қалай да табады, одан да беріл, ол сенің ағаң, сені ақтап қалуға барын салады» —деген дауыс тыныш бермеді. Дегенмен намысы әлсірегендіктен де осы бір орманға тығылып келіп отырғаны еді.

Жандос үйдің еркесі. Ата-анасы бетінен қақпаған. Алайда оның бұзықтығы бір өзінің басынан асып, он балаға татитын. Әбден өз дегенімен өскендіктен де оны өсе келе де ешкім тоқтата алмады. Оның жалғыз ағасы Айдос екеуі екі бөлек әлем. Бір ұядан ұшқанымен мінездері де, түрлері де екі бөлек. Айдос кішкентайынан оқымысты, зерек болатын. Қазіргі таңда білікті маман иесі. Атақты із кесуші болып жұмыс жасайды.

Жандос болса оқу да оқып бітірмеді. Көбіне сыртта жүретін. Жандостың бұл ісі Айдосқа мүлдем ұнамайтын. Оған қанша рет басу айтқанымен де ол өзінің сол бала кездегі бұзықтығынан арыла алмай, өскен соң да тек өзі іспеттес мінездері де, қылықтары да бір орта тауып, олармен арласа бастады. Бірде үйге қонса, бірде үйге қонбайтын. Жандостың жақында ғана туған күні болды. Айдос оған туған күніне әлгі қара түсті шарфты сыйлады. Жандос қуанғаннан қайда барса да сол шарфты мойнынан тастамайтын.

Жандос жақында ғана өзіне ұнамайтын ортаға қосылды. Және оның көптен бері көзге түсіп жүрген қабілетін байқаған Серіктің оны өз тобына алды. Жандос қандай ортада жүрсе де ол үшін ең біріншісі жалған мақтаныш керек болатын. Осы бір мақтау сүйер қасиеті оны теріс жолға бір сәтте-ақ итермеледі.Осылай ол Серіктің баскесері бола шықты.Адам жанына қиянат жасау ол үшін түк те болмады. Және кішкентайынан жасырынуды  ұнататын ол әр қылмысын да жақсылап жасырып қоюды ұнататын. Оның осы күнге дейін жасырған қылмысының саны үшеуден кем емес. Яғни үш жанды еш ойланбастан жанын қия салды. Бүгінгі күні үшінші жанның да көрін қазып, еш белгі қалдырмаймын деп ойлаған Жандос байқаусызда тал тұбағына мойын орауышының ұшын іліп алды. Қараңғылықта қалып қойған кішкене ғана мата қиындысын көрмеген Жандос жүріп кетті.

Артында із қалдырмай келген ендігі үш жанның өліміне себепші болған қылмыскерді Айдос бірнеше уақыттан бері іздеп келеді. Оқиға орын болатын жерге барғанмен еш айғақ таба алмады. Десе де Жандос та оңай берілгісі келмейтін.Өзін жан-жақтан іздеуге саларын ол анық түсінді.

Сондықтан да еш із қалдырмауға тырысатын. Жандос соңғы жасаған қылмысынан соң ешкім күдіктенбес үшін үйге келді. Айдос үйде жоқ.Ол әлі де болса жұмыста. Жандос арқасын кеңге жайып жата қалды. Айдос келе сала оның қайда болғанын сұрады. Және де күйініп өзі іздеп жүрген қылмыскердің тағы да адам өліміне қатысы барын айтады. Жандос өзін жайсыз сезініп, алқымы қысыла бастады. Саған не болған деп сұрағанда:

—Аа жай сен оны көптен бері іздеп келесің бе? Оның отбасына обал. Сол соны айтайын дегенім ғой, —деп орнынан тұрып кетті. Дәл осы істі өз ағасының алғанына қатты қаймықты. Ары маза бермеді. Үнсіз ғана бөлмесіне барып жатып қалды. Айдос түнімен жоспар құрып, келесі қадамды айқындап жатты. Жандос оның қайда барарын бәрін де ол жоқ кезде көріп алады. Және де өзінің де қадамын өзгертеді. Алайда оның өзін сол сәтте-ақ із кесушінің көңіліне күдік салғанын ол тіпті де байқамады.

Айдос жай ғана оның біреуге жаны ашымағанын, бір нәрсе бүлдіргенін жақсы түсінді. Оны бақылауға алу үшін жоспарын да үстел үстіне қойып оны сырттан бақылай бастады. Жандос келесі орынға өзіне ұқсас адамды жіберді. Ал өзі жоспарлаған басқа бағытқа кетті. Мұнда оның өзіне ұқсас адамды Айдос күтіп отырды. Шынында да Жандостан аумай қалыпты. Жүрісі де, түрі де, бойы да Жандостан  аумай қалған. Қызық ол мұнда не істеп жүр деп ойлаған Айдос оны білдірмей артынан ере берді.Дегенмен дәл алдынан шығамын дегенше ол қаша түсті. Айдос өз інісінің қылмысқа қатысы бар деп мүлдем ойламады. Тек оның басқалай жағдайда бір нәрсеге қатысы болуы мүмкін деген ойда еді. Ал басшылық тарапынан күдікті қылмыскер сол маңайда жүр деген дабыл келді. Сондықтан да Айдос та оны бақылауға алды. Айдоспен бірге қызметкерлер де бар тұғын. Олар Жандосқа ұқсас күдіктіні ұстамақ. Дәл алдына жақындай бергенде ол қаша түсті. Айдос үшін ол әлі де Жандос. Айдостың көңілі мүлдем түсіп кетті.Інімді қуып жүрмін деген ойдан бұрын заң алдында інісінің қылмысын әшкерелеу қиынға түсті. Дегенмен жұмыстың аты жұмыс. Оны ұстау, оның қылмысын ашу.

—Жандос тоқта! —деп батыл түрде айқайлап жіберді. Ол артына бұрылып қарағанда Айдостың көңілі орнына келді. Себебі өз інісі еместігіне көзі жетті. Одан соң ғана өз ісіне кірісті. Оны ұстап алып тергеу барысында өзі қасында болды. Ол берілер емес. Алайда байқаусызда аузынан:

—Мені мұнда Жандос жіберді, —деген сөз шығып кетті. Айдос тағы да тоқтап қалды.

—Не дейсің? Жандос па? Оның мұнда не қатысы бар? —деген сұрақтарымен оны тағы да қыспаққа ала түсті.

Алайда әлгі ештеңе айта қоймады. Оны босатуға тура келді. Ал Айдостың көңіліндегі күдік екі еселене түсті.

Ертесіне Серік өз қол астындағыларды жиынға шақырды. Оның ішінде Жандос пен оған ұқсас адам да бар. Барлығы бір уақытта айтылған ортаға жиналды.Кіре берісте камералар орнатылған. Серік лауазымды адам болғандықтан ол жиналысты іскерлік жиын деп ойлайсың. Дегенмен олардың мақсаты өздерінің жолына кедергі болғанның көзін құрту болатын. Бұл жерде Жандос та, оған ұқсас кісі де, тағы бір-екі жандайшап та бар. Серік сөз барысында Жандосқа ұқсас кісінің күні кеше ғана ұсталып, қызметкерлерге Жандос туралы айтып қойғанын білдіреді. Және оны сатқын деп танып, Серік  Жандосқа басын меңзеп белгі берді. Әлгі оны байқамады. Ал Жандос оны сыртқы  әжетханаға шығар жолда ұстап алды да оны гантелмен басынан бірнеше рет қойып қалды.Айғақты жасыру мақсатында гантелді өрт сөндіруге арналған жәшіктегі құмға жасырып кетті. Бар-жоғы бес минут ішінде сыртқа шыққан оны ешкім де байқамай қалды. Бірақ ол ішке кірер кезде қолын қағып жатқан болатын. Және камерада тіпті оның жеңінің бір ұшы шаң болып қалғаны да анық көрінетін. Жиын біткен соң бәрі жан-жаққа тарқасты. Ал келесі тапсырма Жандосқа берілді. Жандос тапсырманы ертесіне жоспарлады. Ал олар кеткен соң әжетханаға бармақ болған қызметші өліп жатқан денені көріп полицияға хабар берді. Бәрі де тексеру жұмысына кірісіп кетті. Бұл қылмыстың да алдыңғы қылмыспен қатысы бар деген күдікпен Айдос та осы жерге келді. Барлығы тексерілгенмен ештеңе таба қоймады. Ал Айдос болса қылмыскердің қандай да бір айғақ қалдырып кететіне сенімді еді. Өзінің жіті қадағалауымен ол жасырылған айғақты тауып алды. Ертесіне ғана екі рет бейне камераны жақындата көрген ол Джактың ішке қолын қағып кіріп бара жатқанын көріп қалды. Оның бес минут ішінде сыртқа шығып келгені де белгілі болды.Және де гантелден Жандостың саусақ іздері табылды.

Оның бәрін де Жандос жалғыз өзі екі-үш рет қарап шықты. Себебі өз інісін әлі де болса қылмыстық істен көргісі келмеп еді. Өз інісінің жасаған қылмысын әшкерелеу қаншалықты қиын болса да ол бар айғақты өз қолымен сот ісіне өткізді. Оған туыстық қатынасынан гөрі отан алдындағы және заң алдындағы борышы аса маңызды еді. Бәрі де Айдостың батыл қадамына таң қалды. Көп ұзамай Жандос келесі қылмысын жасауға кетіп бара жатып ұсталды. Айдос Оған қоңырау шалып жағдайын сұрау барысында оның жүрген ізі бәрі де анықталған болатын. Айдос бұл істің бәрін де аса ауыртпашылықпен атқарды. Жаны қинала түсті. Көз алдында бірге өскен бауырының мұндай теріс жолға түсуіне өзін кінәлі сезінді. Себебі ата-анасының қазасынан соң жұмыс деп  жүрген ол інісіне көңіл бөле алмадым деп өзін жазғырды. Сот. Айдос пен Жандос бір-біріне қарап тұр. Жандостың көзінен ағасына деген мақтаныш байқалады. Қолымен керемет жасадың деп те белгі берді. Себебі Жандос өзінің соңғы айғағын әдейі қалдырып кеткен болатын. Бұл істі ары қарай да созғысы келмеген. Бір  жағынан ағасының да осы істі жүргізетінін ол жақсы білді.Түбінде Айдос өзінің жақсы із кесуші екенін бәрібір де дәлелдер еді. Жандостың соты сол сәтте-ақ аяқталды. Солай Жандос өмірінің соңына дейінгі уақытты арқалап кете барды. Алдыңғы жасаған қылмыстарының тек кішігірім орман бойындағы айғағы ғана табылды.Себебі ол жерде Жандостың мойынорауышының қалдығы қалып кеткен болатын. Ал қалған қылмыстары қаза болған Жандосқа  ұқсас адам жасаған деп табылды. Сондай-ақ мұның бәріне Серіктің тікелей қатысы барын Айдос дәлелдеп шықты. Ол да оның қол астындағы адамдар да тергеуге алынды. Жандос ертесі күні-ақ өзіне қол жұмсап қаза болды. Себебі оны сот залындағы ағасы Айдостың  көзінен көрген өкініші маза бермеді. Келесі күні Айдос оның жаназасында бір жапырақ хатын оқып көзіне жас алды.

—Кешір аға! Мен сенің сеніміңді ақтай алмадым. Негізінде мен соңғы қылмысымда жасаған айғақты әдейі қалдырдым. Себебі сен жақсы із кесушісің. Түбінде бәрібір де менің де жасаған қылмысымды ашарың хақ еді. Ал мен сені мақтан тұтамын. Себебі сен туыстық қатынастан гөрі заң алдындағы борышыңды жақсы өтеп шықтың. Әрдайым да осы қалпыңнан талма. Ал мен осыншама жасаған істерімнен соң одан ары қарай өмір сүре алмаймын. Сені жақсы көретін әрі ең үздік із кесуші ретінде танитын інің Жандос!

Соңы.

Мадияр Меңдібаев

Риэлторы

Эта драматическая история произошла осенью в начале 2000-х. Группа...

САБЫР ИЗ «УБОЙНОГО»

ВЫСТРЕЛ У ПОДЪЕЗДА Время на панели автомобиля высвечивало 05.10,...

Үкілі кер

Үш күн өтсе де, Нұржан үйіне оралмады. Ат та...

СОВЕСТЬ

Начинался новый ХХІ век. Стояла морозная снежная зима, последние...

Екі әріптің әлегі немесе опердың опасыз операциясы

Жұман бүгін ұйқысынан көңілсіз оянды. О бастан далада туып,...