12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестацияның тестінен босатылады — Аймағамбетов

Оқу-ағарту министрі Qazaqstan ұлттық арнасына берген сұхбатында мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестацияның тестінен босатылатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Бізде 30 жыл еңбек өтілі бар әріптестеріміз бар. Олар бізге “30 жыл жұмыс істедік, қандай жеңілдіктер болады” деп айтады. Біз қазір тиісті заңнамаға өзгеріс енгізуді дайындап жатырмыз. 30 жыл мектепте жұмыс істеу – нағыз ерлік. 30 жыл бойы жұмыс істеп, балалардың алдында аянбай еңбек еткен педагогтерді аттестация кезінде тестілеусіз екінші кезеңге өткізуге шешім қабылдадық. Мұғалім тек портфолиосын тапсырады. Біз 30 жыл бойы жұмыс істеп келген мұғалімге сенуіміз керек. Оларды үлкен стресске апармай, екінші этаптан ғана өтуге мүмкіндік беріп отырмыз», — деді министр.

Сондай-ақ министр мұғалімдердің енді күніне екі құжатты ғана тапсыру керек екенін айтты. 

“Бізде күнделікті ойға сыймайтын қаншама құжаттар болатын. Қазір біз тиісті заңнаманы қабылдадық. Күніне мұғалім тек қана екі құжат тапсыруы керек. Бұл өзінің күнделікті жоспары. Сондай-ақ бағаны электрондық журналға қояды. Болды, мұғалімнен басқа ешқандай құжат сұрамауы керек”, – дейді министр. 

Сот органдарынан шығатын құжаттарға апостиль қою тәртібі

Қазіргі жаһандану дәуірінде адамдардың шетелге шығуы, халықаралық деңгейде білім...

Құқықтық мәдениеті дамыту қажет

Жаңа Қазақстанды дамытуда заңгерлердің атқаратын қызметі  зор. Осы орайда...

Экологиялық қылмыстар бойынша сот тәжірибесі

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар Қылмыстық кодекстің 13-тарауымен бекітілген. Онда...

Система хочет купировать риски

Политолог, глава «Политической экспертной группы» Константин Калачев – об обновлении политической системы...