Қазақстанда қашан 5G қолжетімді болады?

5G желісмен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және барлық облыс орталықтарын қамту жоспарланып отыр. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Биыл 5G радиожиіліктері бойынша аукцион өткізуді жоспарлап отырмыз. Республикалық маңызы бар үш қалада және барлық облыс орталықтарында аукцион өткіземіз. Операторлармен аукционға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, сипаттамалар мен міндеттемелер әзірленіп жатыр. Жақын арада келісім жүргізіліп жұмысты бастаймыз», — деді Асхат Оразбек «Цифрлық Қазақстанға» форумында сөйлеген сөзінде.

Ол төрт қалада — Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Түркістанда 5G пилоттық жұмысы басталғанын және «жұмыс істеп тұрғанын» айтты.

«5G енгізу трафикті тұтынудың күрт өсуіне, «Индустрия 4.0», IT, «смарт үйлер» дамуына әкелетінін түсінеміз. Әрине, бұл қажет тренд. Мұны операторлармен бірлесіп жасаймыз. Қалай жасау керек екенін білеміз. Менің ойымша, алдағы екі жылда еліміздің барлық аумағында халық 5G ілгерілегенін сезеді«, — деп қосты вице-министр.

Тіл – халық қазынасы 

Тіл – халықтың жүрегі, ұлттың рухани болмысы мен мәдениетінің...

Тұрғын үйге арналған жаңа құжат – Кадастрлық паспорт

Мемлекет басшысы 05 сәуір 2023 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір...

Мемлекеттік қызметшінің имиджі мен әдебі

Мемлекеттік қызмет-қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты қамтамасыз ететін маңызды...

АСТАНАДА «COUPE MONDIALE 79» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

27 тамыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қоолдауымен,...

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттік және құқықтық жүйенің негізі

Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің құқықтық жүйесінің іргетасы, қоғам...