Алаяқтар қоңырау шалатын жалған нөмірлер бұғатталатын болады – Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрі Бағдат Мусин Қазақстанда алаяқтар қоңырау шалатын жалған нөмірлердің қыркүйектің соңына дейін бұғатталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің сөзінше, интернет пен телефон арқылы халықты алдайтындар саны көбейген. Мәселен, 2016 жылы осындай 1 мың жағдай тіркелсе, 2021 жылы олардың саны 21 мыңға дейін өскен. 

«Біз қазіргі уақытта байланыс операторларымен бірге осы мәселеге қатысты бірлескен іс-шараларды жүзеге асырудамыз. Бүгінгі таңда алаяқтармен күресудің тиімді әдістерінің бірі – жалған нөмірлерді бұғаттау. Қыркүйектің соңына дейін байланыс операторлары алаяқтар қоңырау шалатын жалған телефон нөмірлерін анықтап, бұғаттайтын болады», – деп жазды Бағдат Мусин Instagram-парақшасында.

Сонымен қатар ұялы нөмірлерді тіркеу кезінде биометриялық сәйкестендіру жүйесі де енгізілуі мүмкін. Бұл нөмірлердің бөтен адамға тіркелу жағдайларының алдын алады.

«Сондай-ақ біз интернет-алаяқтыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру бағытында банктермен тығыз әрекет жасауды ұсынамыз, өйткені алаяқтық фактілердің орын алуы көп жағдайда банк операцияларымен тікелей байланысты. Банк қызметкерлері тұрғындарға хабарласқан уақытта оның шыныменде банктен хабарласып тұрғанына көз жеткізу үшін SMS-хабарламалар арқылы сәйкестендіру жүйесін енгізуге болады», – деп қосты ол. 

Министр аталған бастамалардың мәселені түбегейлі жоймайтынын, тек шешудің бір ғана жолы екенін атап өтті. 

            Жеке ұйғарымның орындалуы  

            Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдылықты нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралдарының бірі — соттың жеке ұйғарымы. Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің...

От учебной аудитории к AI-трансформации: как студенты Нархоз проектируют цифровое будущее

Искусственный интеллект меняет не только технологии, но и подходы...

Дала қоңырауы – ұлт ұстазы!

Қазақ даласында білім мен ғылымның шамшырағын жағып, ұрпақ санасына...

Апостиль рәсімінің құқықтық негіздері:халықаралық стандарттар және ұлттық заңнама

Жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелге оқуға түсуі, жұмысқа орналасуы, неке...